Биыл 15 баспана табысталмақ

ҚОРДАЙ АУДАНЫ

«Асарлатып үй салу» жобасы өңірде қызу қолға алынып, көптеген көмекке мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлап келеді. Аталмыш жауапты істен ауданның жомарт жүректі азаматтары да қалыс қалмауда.

Биылдың өзінде ауданда 15 көмекке зәру отбасына жыл соңына дейін баспана кілтін табыстау жоспарланған. Жыл басынан бері Қордай, Жамбыл, Сарыбұлақ және Отар ауылдық округтерінен «Асар» жобасы аясында бес үй пайдалануға берілген. Ал бірқатар ауылдарда мұқтаж жандарға арналған үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның мақсаты мұқтаж азаматтарға баспана салып беру ғана емес, тұрғындардың өзара бірлігі мен қамқорлығын арттыруға негізделген.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, Ақ жол газеті