БИЫЛ 18 ДАНА ЖАҢА ЗАМАНАУИ АВТОБУС САТЫП АЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бұл туралы «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы Құбашев Жетібай мәлімдеді.
Ақтау қаласы бойынша жолаушылармен багаждарды тұрақты тасымалдаумен 7 маршрут қызмет етеді. Олар, № 2, 3, 4, 4М, 5, 7 және «Ақтау-Әуежай-Ақтау» бағыты бойынша барлық автобус саны 74 дана. Тасымалдаумен айналысатын 4 мекеме бар олар, «Айна» ЖШС, «Жолаушы-Ақтау» ЖШС» жеке кәсіпкер «Бекбаулов Ш.» және «Карпэт Транспортейшн» ЖШС. Барлық автобустарға GPS жүйесі қондырылған және мобильдік қосымша Infobus.kz мобильдік қосымшасы арқылы автобустардың қай маршрут қай уақытпен қай жерде келе жатырғандығын көруге болады.
-Ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап, облыс бойынша алғаш рет қалалық қоғамдық көліктерде жолақы төлеудің электрондық жүйесі (валидатор) іске қосылды. Бұл өз кезегінде жолаушылардың қолма-қол ақшасыз, арнайы электрондық карточкалар арқылы және банктік карточкалар арқылы (МастерКард, Виза) төлем жасауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Ақтау қаласының әлеуметтік осал топтар санатындағы адамдарға (1-2 топ мүгедектер, бала жастан мүгедектер, көп балалы аналар, Чернобыль АЭС қатысушылары, Ақтау қаласының құрметті азаматтары барлығы 9438 адам) қоғамдық көлікті тегін пайдаланулары үшін «Қазпошта» АҚ-ы арқылы арнайы электрондық карточкалар дайындалды. Қазіргі таңда аталған карточкаларды тарату жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге дейін шамамен 3000-ға жуық адам тегін жүру карточкасын алды — , деді Ж. Құбашев.
Бүгінде Ақтау қаласында қоғамдық көліктердің 70%-дан астамы ескі, осыған орай, жаңа авто автобустарды сатып алу «ҚБД-Лизинг» (БРК-Лизинг) бағдарламасы аясында, яғни жеңілдетілген несие арқылы жүзеге асырылады. Қазір бұл автобустардың жалпы құнының 30% жарнасы (216 540,0 мың теңге) мемлекет тарапынан төленіп тұр. Жаңа автобустар Ақтауға қазан айында келеді.
АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ