Биыл Ақтау қаласы әкімдігінің тарапынан 2200 пәтер беріледі
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Ақтау қаласы әкімінің жыл сайынғы халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиында 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.
Қала халқының саны 185,9 мың адамға жетті.
2017 жылы қаланың кәсіпорындары 182,9 млрд.теңгеге өнім өндірді, бұл 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9% жоғары болды.
Негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 86,7 млрд. теңге.
2017 жылы жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды.
- Электрсауыт жабдықтарын өндіру және қуаты 6-10-35 кВ класты қуатты трансформаторларды жөндеу — «Ақтау трансформатор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — №6 өндірістік аймақ;
- Жиһаз және пластикалық терезе дайындау өндірістік цехы – «Город мастеров» мекемесі, ОРС базасында;
- Дайын өнімді шығару қуаттылығын арттыру арқылы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту -«КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2-кезең);
- Құрылыс материалдарын шығаратын зауыты — «Ақтау Керамзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Биылғы жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да2 жобаның құрлысы басталады:
- Трансформатор және кабель өндіру зауыты — «Ақтау-ЭнергоМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қыркүйекте);
- Полимер орамын өндіру зауытының құрылысы — «Достық Полимер»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (сәуірде).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы 47, 8 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 78,3%.
Өнім көлемі 463,6 млн.теңге. Нақты көлем индексі – 120,8%.
«Бүгінгі таңда 7 кәсіпкерге тиесілі 7 жылыжай, 8 шаруа қожалығына тиесілі 8 бау-бақша қала тұрғындарын жеміс-жидек, көкөністермен қамтамасыз етуде.Қазіргі таңда жалпы аумағы 2 га құрайтын заманауи жылыжай салынып жатыр.Ақтау-Құрық жолының бойынан өндірістік аймаққа арналған 2609 га жерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану жоспарлануда», — деді Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов.
Өткен жылғы жалпы тауар айналымы — 293,3 млрд. теңгеге жетті.Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бағдарламалар аясында 2017 жылы 77 жобақаржыландырылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.
2017 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 894 бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тек 666 млн. теңге бюджетке кіріс қосып отыр.
Өткен жылы 3137 пәтер(380 мың 400 шаршы метр) тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30,1%-ға артық.
«Нұрлы жер» бағдарламасыаясында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арқылы192 пәтер тұрғын үй алу кезегінде тұрған тұлғаларға берілді. «Байтерек Девелопмент» АҚарқылы540 пәтерге арналған9 тұрғын үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына берілді. Ағымдағы жылы әкімдік тарапынан 2200 пәтер беріледі.
Өткен жылы2,2 млрд. теңгеге он төрт бағыттағы автокөлік жолдарының құрылысы жүргізілді.2018 жылы 7 автомобиль жолының құрылысына 1 млрд. 148 млн.теңге бөлінді.
Қалада 11452 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.
Өткен жылы «Маңғыстау-Арена», «Батыр» спорт кешендері пайдалануға берілді. «Каскор ТрансСервис» мекемесінің «Теміржолшы» спорт залы жаңғыртудан өтті,№2 мектеп аумағында спорт залы іске қосылды.Қала тұрғындарының, соның ішінде жасөспірімдердің спортқа тарту мақсатында 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында 14 жаттығу құралдары, Ақбота саябағында экстремалды спорт түрлеріне арналған «Скейтпарк», «Стрит уоркаут» алаңдары тұрғындар игілігіне берілді.
Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешу үшін қала әкіміне нақты тапсырмалар берді.
«Бірінші, Ақтау қаласының жер көлемін кеңейту бойынша алынған шаралардың нәтижесіне сәйкес Ақтау қаласының бас жоспарына тиісті өзгерістер енгізілсін; Қаладағы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жаңарту мәселесі шешілсін;Екінші,Халыққа қызмет көрсету орталығын және Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ашылуы қамтамасыз етілсін;Үшінші, қаланың сауда-саттық орындарында азық-түлік бағасына бақылау жасау бойынша шаралар күшейтілсін; Жолаушы тасымалдауды ұйымдастырып отырған кәсіпкерлік субъектілерімен бірігіп жаңа маршруттық бағыттар анықталсын және автобустар паркі жаңартылсын;Төртінші,Жаңаөзен қаласы, Түпқараған және Мұнайлы ауданы бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдайтын жеке таксилер автотұрақтармен қамтылсын;Бесінші, қала тұрғындары үшін кәсіпкерлердің көмегімен 20 спорт объектісін ашу қамтамасыз етілсін;Қалада IT лицейін ашу қамтамасыз етілсін;Алтыншы,экономиканың барлық саласын цифровизациялау бойынша жұмыстарды жандандырып, өңірлік цифровизация офисімен бірлесіп, нақты жобаларды қолға алу қажет. Жетінші,Ақтау қаласының ажары — тұтас бір өңірдің бет-бейнесі. Соған байланысты жыл сайын қалада «Ең таза аула», «Ең жасыл аула» сайыстары дәстүрлі түрде өткізілсін».
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі