Биыл Маңғыстау даласына «Барсакелместен»  құлан әкелінеді  

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары  Ғаббас Досатов айтты.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен Біріккен Араб Әмірліктері  арасында жануарлар дүниесінің, оның ішінде сирек кездесетін құстардың өсімін молайту мақсатында 2018 жылдың мамыр айында  500 лашын құсы Қарақия, Бейнеу аудандары аумағына ұшырылған. Ал, 2013 жылдан бері  облыс аумағына 1500 бас шамасында дуадақ, лашын құстары табиғат аясына жіберілген.

«Жануарлардың өсімін молайтудың негізгі жолы ол реинтродукциялау арқылы өсімін молайту – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру. Осыған байланысты «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциясы» тарапынан 2017-2020 ж.ж арналған Қазақстандағы құландарды рейнтродукциялаудың биологиялық негіздемесі жасақталды. Осы биологиялық негіздемеге сәйкес 2019 жылы «Барсакелмес» қорығынан құландарды Маңғыстау облысының аумағына әкеліп жерсіндіру жоспарланған. Маңғыстауға 1991 жылы «Ақтау-Бозашы» мемлекеттік қаумалына құландар әкеліп жіберілген және олар осы жердің табиғатына тез жерсініп, 150 басқа дейін көбейген»-деді брифингте Ғ.Досатов .

 

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, балық шаруашылық қоры Прорва кентінен Суэ жеріне дейін 1350 шақырымға созылып жатқан алты балық шаруашылық ауданы 30 учаскеден тұрады, оның 25-і  балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген, 8 учаске резервте тұр.

Маңғыстау облысы аумағында 2018 жылы балық аулауға лимит — 1859 т; 2019 жылы лимит — 2567  т. Қалқыма балық түрлеріне майшабақ, тікенді балық (кефаль), қорытпа, ақмарқа жатса, табиғи балықтарға бекіре, шоқыр, қаракөз, сазан, судақ, табан және қалған уақ балықтардың бәрі жатады. Теңіздегі балықтардың алуан түрлілігінің көп бөлігі теңіз және өзен балықтары деп аталса, ал қалған бөлігі өтпелі және жартылай өтпелі балықтар. Каспий балықтарының 40 түрі кәсіпшілік түріне жатады. Сирек кездесетін және «Қызыл кітапқа» енгізілген түрлері – волжалық майшабақ, каспий албырты, ақ балық, құтым т.б.

Балықтың әртүрлілігі тек қана Каспий теңізінде байқалады.  Кәсіпшілік балық аулауда ерекше орын алатын жартылай өтпелі балықтар сазан, табан, ақмарқа, қаракөз, ал теңіздің байырғы балықтары майшабақ және тікенді балық (кефаль) көптеп кездеседі.    Каспий теңізіндегі итбалық – уақ жемтіктерімен қоректенетін бір ғана балық түрі. Итбалық кәсіпшілік түріне жатады, қазіргі уақытта итбалықты пайдалану тоқтатылды. Каспий теңізінде ауа райының тез өгеруіне байланысты жағалау аймақтарында кефаль балығының қоғалысы анық байқалады. Кефаль теңіздің оңтүстік аймақтарын қыстап, 800 шақырым қашықтықта жүріп Түркменстан теңіз жағалауларына барады.

Каспий теңізінен балық аулаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жылдың негізгі бөлігі теңізді дауыл болып тұрады,  балықтар өтпелі, наурыз айынан бастап Түрікменстан шекарасы аймағынан кефаль, майшабақ, көксерке балықтары келеді, осы балықтар Баутино аумағынан өткеннен кейін оларды аулау азаяды, себебі теңіздің солтүстік аймақтарында балықтар әр бағытқа кетеді.  Сәуір айынан бастап Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр жерінен ақмарқа, сазан, табан, қаракөз, және тағы басқа балықтары келіп, маусым айында қайтып кетеді.

Инспекцияның Түпқараған және Бозашы инспекциясы бөлімдерінің 13 инспекторы теңізде, жағалауда мемлекеттік бақылау, қорғау жұмыстарымен айналысады. Олар 2 суда жүзу құралы және 3 автокөлікпен қамтамасыз етілген. Шекара қызметі, полиция департаменті, транспорт инспекциясы және прокуратура органдарымен біріккен іс-шара жоспары жасақталған.

2019 жылдың 1 сәуірі мен 30 мамыры арасында республика бойынша кең көлемді «Бекіре» акциясы өткізіледі. Қазіргі таңда инспекцияның негізгі күші осы «Бекіре» акциясына жұмылдырылған.

 

2018 жылы Маңғыстау облысы аумағында  заңсыз аң аулаудың өрескел үш фактісі анықталды

 

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары  Ғаббас Досатов мәлімдеді.

2018 жылы Инспекцияда жануарлар және өсімдіктерді қорғау бойынша 319 рейд жүргізіліп, 127 құқықбұзушылық анықталған, оның 110-і әкімшілік, 17-і  қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады, әкімшілік істер бойынша салынған 899  мың 458 теңге айыппұл толық өндірілген.

239,3 кг  балық, оның ішінде бекіре тұқымдас- 204,5 кг, кутум-2,5 кг, шоқыр -4 кг, ақбалық-5 кг, 23,3 кг қара балық тәркіленген.

«2018 жылы Маңғыстау облысы аумағында  заңсыз аң аулаудың 3  өрескел фактісі анықталды. 2018 жылдың маусым айында  Ақтау-Шетпе тас жолы бойынан 3 қарақұйрық және 2 қоян аңдарын заңсыз аулаған Ақтау қаласының екі тұрғыны Маңғыстау аудандық сотының 05.03.2019 жылғы Үкімімен кінәлі деп танылды. Шығын көлемі-13 023 025 теңге. Заңсыз аң аулағандарға келтірілген 13 023 025 теңге шығынды өндіру, 2 400000 тенге айыппұлды өндіру және «Ниссан Патрол» автокөлігін мемлекет есебіне алу туралы соттың үкімі шықты.

2018 жылдың қараша айында Бейнеу селосынан 130 шақырымда  орналасқан Қарасай жерінен 1 бас киік аңын заңсыз тасымалдаған, келген шығын көлемі 3 млн 607 мың теңге, Бейнеу аудандық ПБ тергеу жүргізуде.

18.10.2018 жылы Ақтау халықаралық әуежайында Иран елінің азаматы тарапынан 2 бас ителгі құсын заңсын алып кету фактісі тіркелді. Шығын жоқ, құстар ұшырылып жіберілді. Ақтау қалалық сотының  25.10.2018 жылғы №1-566/7-18 үкімімен ҚК 339 бабымен 3 607 500 теңге айыппұл салынып, өндірілді.

 

Заңсыз аң аулауға салынатын айыппұл көлемі:

            1 бас архар салынатын айыппұл көлемі 1500 АЕК;

1 бас қарақұйрыққа салынатын айыппұл көлемі – 400 АЕК;

1 бас дуадақ құсы 700 АЕК;

1 бас киік аталығы – 500 АЕК;

1 бас киік аналығы 350 АЕК.

Бұл айыппұл көлемі егерде заңсыз аң аулау ерекше қорғалатын табиғи аумақта орын алса, тиісті методикаға сәйкес, бірнеше есе өседі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету.

2018 жылы «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған.
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» бойынша 196 мемлекеттік қызметтер,  «Балықтың қайдан ауланғаны туралы» анықтама беру бойынша 11 мемлекеттік қызмет, «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» бойынша  10— мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Инспекция ғимаратында қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, ақпаратпен танысуы үшін ақпараттық стендпен жабдықталған.

2018 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік орман қоры. Жыл сайын орман мекемелеріне орман өсіру, орманды қорғау және орман қорын пайдалану бағытында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Маңғыстау облысының орман қоры

Қ/С Орман қорын қарайтын мемлекеттік органдар Мекеме атауы Орман қоры жері, га
1 Маңғыстау облысы әкімдігі Бейнеу орман  және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 58789
2 Маңғыстау облысы әкімдігі Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 194510
Барлығы   253299

Орман қоры негізін қара сексеуілдер құрайды. Жыл сайын  Бейнеу, Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орман мекемелері 300 гектар жерге қара сексеуіл тұқымын себу арқылы өсіріп келеді.

Орманда өрт қауіпті маусымдарда бақылау-қадағалаудың нәтижесінде 2018 жылы облыстағы орман қорында өрт болған жоқ және заңсыз ағаш кесулер тіркелмеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 бұйрығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынған.

 

2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары  Ғаббас Досатов айтты.

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК арасындағы  «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды есепке алу және оған мониторинг жүргізу» туралы келісім-шартқа сәйкес жануарлар дүниесіне санақ жұмыстары жүргізіледі.  Санақ жұмыстары ғылыми институттардың, инспекцияның және ЕҚТА инспекторларының қатысуымен жүргізіледі. Облыс аумағында 2016 жылы әуе санағы жүргізіліп, барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтылды. 2018 жылғы санақ жұмыстарының қортындысы бойынша архар -1550 бас(2017-1500), қарақұйрық -1000(2017-1000), киік –3700 (2017- 2700) басты құрады»,-деді Ғ.Досатов

Маңғыстау облысында әуесқой аң аулау (спорттық) аулау жүргізіледі. Облыста 1 /бір/ аңшылық шаруашылығын жүргізуші тіркелген — Маңғыстау облыстық  аңшылар және балықшылар қоғамы бірлестігі, оған 9 аң аулау алқаптары бекітілген, аң аулау алқаптарының жалпы көлемі 831, 08 мың гектар.

«2018 жылдың 15 ақпанынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге жануарлар дүниесі объектілерін лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.02.2018ж.№58 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысына 42100 бірлік көлемінде аң аулауға лимит белгіленді. Облыс аумағындағы аң аулау алқаптарында аңшылық маусым 1-ші қыркүйектен бастап келесі жылдың 15 ақпаныны аралығында өтеді.

Қасқыр аулау мемлекеттік қызмет болып табылады. Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында 22 бас қасқырға және 4 шибөрі аулауға рұқсат берілді. 2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады.

2016 жылдан бастап Қазақстанда көктемгі аң аулау тоқтатылды. Оған себеп, Қазақстандық биоалуан түрлікті сақтау Ассоциациясы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты көктемгі аң аулау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп Биологиялық негіздеме дайындады. Биологиялық негіздеменің қорытындысы бойынша барлық суда жүзетін құстардың Қазақстан аумағы бойынша саны күрт азайған. Оның себебі көктемгі аң аулау кезінде аталық құстарды аулауға рұқсат беріледі, ал аңшылардың негізгі бөлігі аталық және аналық құстарды айыра бермейді, сондықтан олар барлығын бірдей аулайды және көктемде үйректерді суға «алдамшы үйрек» қойып аулауы тиіс, оны көпшілігі сақтай бермейді. Сонымен бірге көктемгі мезгілде аналық құстардың жұмыртқа салатын мезгілі.

Көктемгі мезгіл жан-жануарлардың көбейіп, таралатын мезгілі, ал аңшылар мылтық атып, аң аулайтын болса басқа да жануарларды да өз мекендеу ортасынанүркітетіні белгілі.

Өткен жылдың қыркүйек және қараша айларында «Үстірт» қорығы аумағында фототұзаққа алабарыс түскені белгілі. Алабарыстың аталық екені анықталды. Осыған байланысты, ғылыми мамандар қорық аумағына қосымша фототұзақ қою жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы «ӨКҚ»

310352

!rsk.aktau@mail.ru;