БИЫЛ МАҢҒЫСТАУДА 5448 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиевтің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды

Ұлттық біріңғай тестілеу әдеттегідей республика бойынша 20 маусымнан басталады. Биылғы оқу жылында 6365 оқушы мектеп бітіреді (2019 жылы-5590). Оның ішінде 5931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері. ҰБТ ға 5736 оқушы қатысады (оның ішінде биылғы бітіруші түлектердің 5448-і (85,6%), бұрын мектеп бітірген 246 түлек пен колледждердің 42 түлегі). ҰБТ сұрақтары 2019-2020 оқу жылының 3 тоқсаны мен оның алдыңғы өткен материалдардан құрылатын болады.

Өңір бойынша 4 ҰБТ өткізу пункті бар. Олар Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Қарақия аудандарында орналасқан. Білім басқармасы тарапынан ҰБТӨП терді бақылау комисссиялары құрылды. ҰБТ нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында барлық аудиториялар салқындатқыштар, орталық трансляцияға қосылатын бейнебақылау жүйелері, ұялы байланысты тұншықтырғыш құрылғылар және металл іздегіштермен толық қамтамасыз етіледі. Шалғай ауылдарда тұратын 966 балаға мектеп автобустарымен тасымал ұйымдастырылады (Маңғыстау -270, Қарақия – 164, Мұнайлы -562), Автобустардың техникалық жағдайлары мен жүргізушілердің денсаулық жағдайлары құзырлы органдардың тарапынан тексеруден өтеді. Биылғы санитарлық талаптарға сәйкес орындар арасындағы 2,5-3 метр ара қашықтықты сақтау үшін бұрынғы бекітілген ҰБТӨП терге лектер санын арттыра отырып бөліп кіргізіп, 54 аудиторияда 50% толымдылықпен отырғызатын болады.

Отырғызу тәртібі облыстың бас санитарлық дәрігерімен келісілген. Биылғы ҰБТ уақыты 10 минутқа ұзартылған, ол уақыт маскалар ауыстыру, дезинфекциялау және дене қызуын өлшеуге арналады.

Ұлттық біріңғай тестілеу пункттеріне қатысушылар бөліп, арнайы тексеруден өткізіліп, кіргізіледі. Ол үшін қатысушылар ленталармен бөлінген арнайы бекітілген орындарда тұрады. Бұдан басқа әрбір ҰБТ өткізу пункттері дезинфекциялық тоннелдермен жабдықталады, дезинфекциялық төсемшелер төселеді, санитайзерлер, маскалармен жабдықталады. Кіреберісте үйден киіп келген маскалар ауыстырылады.

Биыл шоғырланудың алдын-алу үшін ата-аналардың ҰБТӨП терге келуіне тыйым салынады. ҰБТ барысын онлайн трансляциямен үйден қадағалау қажет. Онлайн трансляция барлық аудиториялардан youtube каналы арқылы тікелей трансляция тәртібінде жүреді. Сонымен қатар, ҰБТ өтетін уақыттарда жедел жәрдем қызметі, басқа да тиісті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.

 

БИЫЛ ӨҢІРГЕ ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТАРҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ 175 ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейделиев мәлім етті.

Жылдағы дәстүр бойынша маусым айында өтетін ҰБТ қорытындысымен мемлекеттік гранттар бөлінетін болады. Министрлік тарапынан биылғы мемлекеттік грант көлемі 69 256 орынға бекітілді. Оның ішінде бакалавриатқа — 53 785 грант, магистратураға — 13159 грант, PhD докторантураға — 2312 грант.

Ақтау қаласындағы Есенов университетінің 32 ш/а орналасқан бас ғимаратында 13-20 шілде күндері қабылданады. 21 шілде мен 1 тамыз аралығыныда құжаттар қаралып, нәтижесі 1 тамыздан кейін анықталады.

-Бұдан басқа жыл сайын өңірге қажетті мамандықтарға, бірінші кезекте, медицина, педагогика, IT, құрылыс, машина жасау, ветеринария және ауылшаруашылығы саласы мамандарына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын грант көлемі бекітілді. Биыл да шамамен 175 грант бөлуді жоспарлап отырмыз – деді, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

Аталған конкурс мемлекеттік грант конкурсы өткеннен кейін шілде – тамыз айларында өңірдің үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдернен құралған облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен қаралады. Жергілікті басқармалар мен кәсіпорындарға қажетті мамандықтарды нақтылап сол мамандықты таңдаған түлектер арасында ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 4004 орынға қалыптастырылды.

2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» -Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында іске асырылады.

Серпін грантына ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 баллдан кем емес және таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмаған түлектердің қатысуға мүмкіндігі бар.

ӨҢІРДЕ 90 БАЛАБАҚШАДА 177 КЕЗЕКШІ ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бұл туралы қоғамдық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.05.2020 жылғы қаулысы негізінде, Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашу туралы бұйрығын шығарды. Осыған байланысты 13 мамырдан бастап Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия, Мұнайлы аудандарында барлығы 90 балабақшадан 177 кезекші топ ашылды.

-Бүгінгі таңда аталған топтарда 2052 бала (Ақтау- 1487, Жаңаөзен-512, Қарақия ауданы– 38, Мұнайлы-15), яғни барлық балабақша контингентінің 5,3 % қамтылып отыр. Барлығы 422 педагог пен 770 техникалық қызметкерлер штаттық режимде (медбике, аспазшы, кір жууышы және т.б) жұмысқа шықты — , деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

Балабақшаларда күнделікті балаларды қабылдау дене қызуларын өлшеу арқылы таза ауда, яғни балабақша ауласында жүргізіледі және топтағы балалар саны 10-нан аспайды. Сондай-ақ, күнделікті ылғалды тазалық жұмыстары, залалсыздандыру, желдету, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай жүргізіледі.

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы