Биыл Нұр-Сұлтанда 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады

2020 жылы елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады. Биыл 10 мың орындық 12 мектепті пайдалануға беру мен 12 мың орындық 8 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. “Қазір қалада 115 мектеп пен 182 мың оқушы бар. Халықтың өсуіне байланысты қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. 8 мектеп қазір үш ауысымда оқытады. Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жыл сайын кемінде 10 жаңа мектеп салып отыру қажет. Биыл және келесі жылы 12 мектептен салынады. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Мектептердің құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Өңірлік кеңесте жеке инвестиция есебінен 22 мың оқушыға есептелген 22 мектеп салу қолдау тапты.”, – деді А. Көлгінов. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында) салу жоспарланған. 2 ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орындық мұғалімдерге арналған жатақхана салынды, кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.