Биыл Павлодар облысында 380 мектеп интернетке қосылады
Павлодар облысының әкімдігінде интернет қолжетімділігін дамыту мәселелері мен Павлодар облысын цифрландыруға бағытталған «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын жаңа қызметтерді талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов пен «Казақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысып,
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ –ның бірлесікен жобалары қарастырылды. Осыған орай биыл Павлодар қаласындағы 180 үйге «Smart home» қызметін және Ақсу қаласындағы 1300-ден астам кіреберіске «smart city» бағдарламасы аясында «ұлттық бейне бақылауды» орнату жоспарланып отыр.
Инновациялық қызмет аймақ тұрғындарына «smart city» бағдарламасын дамыту аясында қолжетімді болады. Сонымен қатар 200-ге жуық пәтерге «smart home» концепциясы бойынша арнайы датчиктер орнатылады.
Павлодар облысында 212 білім беру мекемесі мен 308 денсаулық сақтау нысаны жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін 330 денсаулық сақтау ұйымы мен 380 мектепті қосу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні Павлодар облысының барлық аудан орталықтары байланыстың оптикалық талшықты торабына қосылған, ауылдық аймақтардың 100%-на телефон орнатылған және 96%-ы интернет пайдаланады.
– Біз аймақты цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Ең бастапқы мақсаттардың бірі – әлеуметтік маңыздылығы бар нысандарды жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету. Сәйкес тапсырмалар «Шығыс» ТАД басшылығына берілді,- деді Қуанышбек Есекеев.
Өз тілшіміз.