Биыл Тараз қаласында 26 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жоспарланған.
Қазіргі таңда жоспарға сәйкес Байзақ батыр көшесінің көлік жүретін бөлігі, Б.Момышұлы көшесі, Жібек жолы мен Мельничная көшелерінің қиылысы, Әулиеата көшесінің көлік жүретін бөлігі, Көшеней көшесінің 5 — 2-ші бұрылыстары және Абай көшесінің 2-ші бұрылысы, т.б көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Демисинов көшесі мен Черняховский, Бульварный көшелерінің 5 –ші бұрылысында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 0,997 км, ал ені 4,5-6 км-ді құрайды.
Сондай-ақ, Байзақ батыр көшесіндегі (Ташкент көшесінен Маяковский көшесіне дейін) жөндеу жұмыстары да толығымен аяқталған. Оның ұзындығы 1,046 км. Алдағы уақытта көшелердегі жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүзеге асатын болады.
Сонымен қатар биыл Сыздықова, Тынышбаева, Елібаева, 1 бұр.Қонаева, Пірманова, Есенин, Есей би, Клубная, Кутузова, 4 бұр Тастандиева, Песочная, Масанчи, Буденного, 4 бұр Желтоқсан, Центральная, П.Лумумбы, Родниковая, Мусоргского көшелеріндегі жолдың орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.