Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

КТК арнасы: «Биыл «мичиган», «гонконг», «брисбен» сынды тұмаудың үш штамы өршиді екен. Үкімет эпимаусымға деп бір миллиард 200 миллион теңгеге вакцина сатып алыпты. Ол бір жарым миллион адамға жетеді. Тұмауға қарсы препарат созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққандар, әлсіз балалар мен жүкті келіншектер және медициналық қызметкерлерге тегін салынады. Қалған тұрғындар екпені үш мың теңгеден ақылы алады. Ал елімізде жаппай вакцина салу науқаны екінші қазанда басталмақ»,— деп хабарлайды. Дәрігерлер иммунитеті төмен адам тұмаудан төсек тартып жатып қалуы мүмкін десе, еліміздің бас санитар дәрігері, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин: «Бірінші кезекте дәріханаларда сатылатын дәрумендер мен лимон, анар, киви сынды көкөністі жиі тұтынған жөн. Итмұрын, қарақатты қайнатып ішіңіздер. Және түнде сарымсақ пен жуа жеген дұрыс», — деген кеңес бәріп отыр.

 

Ермек Сахариев