Биыл түлектер ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырады

Ведомство жаңа формат қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкін беретінін айтты.
Білім министрлігі түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін онлайн өтінішті қалай толтыруы керек екенін айтты.

Биыл ҰБТ-ға қатысу үшін 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн өтініш тапсыру керек.

Ведомство жаңа формат қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкін беретінін айтты.

Аталған порталда тіркеуден өткен кезде заңды өкілдері 18 жасқа толмағандар туралы ақпаратты алып, өңдеуге келісім береді.

Сондай-ақ, тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес екені айтылды.

Сауалдар бойынша 8 800 080717 нөмірі арқылы Ұлттық тест орталығының call-center-іне хабарласуға болады. info@testcenter.kz қызметіне хат жолдауға да болады.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама сауалдары болмайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтқан болатын.

Түлектер биыл карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр.

Министрлік тестілеу маусым айында дәстүрлі форматта өтетінін хабарлады. Алайда ведомство коронавирус жағдайы ушықса, қосымша жоспар қарастырылғанын айтты.

 

Zanmedia.kz