Биыл Жамбылда 756 мың гектардан астам жерге егін егілді

Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында биыл Жамбылдағы ауыл шаруашылығы саласына 31,2 млрд.теңге бөлінген. Бүгінгі күні бұл қаржының 11 млрд. теңгесі 6 714 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп, игерілді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жиенқұлов Ербол айтты. Оның сөзінше, биыл облыста 756,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 мың гектарға артқан.
❗️ «Осыған орай, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 3 млрд. 021 млн. теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 691 млн. теңгесі игеріліп, қазіргі уақытта алынуы қажет 52,4 мың тонна минералды тыңайтқыштың 32,1 мың тоннасы алынып, 214,2 мың гектар алқапқа ендірілді. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау бағдарламасы бойынша 857,0 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның 91,8 млн. теңгесі игеріліп, 106 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді», — деді спикер.
©️©️©️
✅ Ербол Жұмабекұлы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау бағдарламасы бойынша 2022 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 2,1 млрд. теңге қаржы қарастырылғанын атап өтті. Субсидиялау қант қызылшасын жинау науқанына байланысты қазан-желтоқсан айларында игерілетін болады.
#ӨКҚ