Біз Калелованың құлы емеспіз!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың назарына!

Кемертоған ауылы тұрғындарының үндеуі

 

1. Жарық мәселесі

Біздің ауылды электрмен жабдықтау шамамен 2012 жылдан бастап жеке тұлғаларда болды, олар өтініш негізінде; серіктестіктер және ЖК кез келген құжаттарсыз рұқсат береді, техникалық шарттар трансформаторларды біреулері тұрғындардың есебінен, біреулері өз есебінен жеткізіп, тұтынушыларға жоғары бағамен сатады (баға әр КВт үшін әр «қожайында» әртүрлі болады, 28 теңгеден 43 теңгеге дейін) тұтынушылармен келісімшарттарсыз, төлем туралы түбіртектерсіз, трансформаторлар орнатылған жерге мемлекеттік актілерсіз және т. б. Жарық үшін «құтырған» сомаларды қойып тастайды. Кейбір тұрғындардан қызмет көрсету үшін 2000 теңгеден алынды. Жарықтың жиі өшірілу себебінен көптеген адамдардың несиеге сатып алған электр құрылғылары мен пештері талай мәрте бұзылды. Ауыл тұрғындары электр энергиясының бітпейтін мәселелері шешілер деп үміттенеді.

2. Ауызсу мәселесі.

Судың жағдайы да электр жарығы сияқты жеке кәсіпкерлердің қолында. Себебі су құбырына ақшаны 170 000 теңгеден жинап алып, техникалық суды беріп, тарифті заңсыз өз ойынан қойып, кубына 130-150 теңгеден беріп отыр. №17 квартал тұрғындары өз қалтасынан әр үй 3000 теңгеден шығарып, Ұлттық сараптама орталығына беріп тексертті, нәтижелері қолдарында тұр. Ал жеке кәсіпкерлердің су құбырын жүргізуге рұқсат құжаттары, актілері жоқ. Тіпті қанша метр тереңдікте қазылғанын да ешкім білмейді.

3. Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

Кемертоған мәселесін депутаттарға да жеткізген болатынбыз. Бірқатар мәжілісмендер халықпен кездескен де болған. Алматы облысының әкімдігіне дейін жеткізіп, ықпалын тигізген болатын. Әлі де болса Мәжілістегі барлық партиямен депутаттарға құлаққағыс: «заң құран емес», осы жекеменшік иелері мен жер пайдаланушылар жайлы заңды қайта қарастыру керек сияқты. Заң өзгермей, ештеңе өзгермейді. Бүгінде мұндай заң ауадай қажет. Өйткені бұл жалғыз Кемертоғанда ғана емес, елімізде бұндай жекеменшік ауылдардың қатары көп.

 

Ал осындай Калеловаларға қашан тосқауыл болады? Президент пен халықты менсінбегені ме?

 

Ауыл – алтын бесiк. Өткен жылы елімізде Ауыл жылы болып жарияланған болатын. Мемлекет басшысы «Мен ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа президенттік өкілеттігім басталғаннан кейінгі алғашқы Жарлығым. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады. Тұжырымдаманы әзірлеуге мамандарды, шаруаларды және жергілікті қоғам белсенділерін тарту қажет. Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Иә, жаңа әрі әділетті Қазақстанға жаңаша ауыл ауадай қажет. Өкінішке қарай, әділетсіздік құрсауында тұншығып, жаңаша ауыл болуға деген кедергілерден көз аша алмай тұрған ауылдардың бары көңілге қаяу салады. Осындай тоқырауға ұшырап тұрған ауылдың бірі – Кемертоған ауылы. Бүгін тағы да Кемертоған мәселесіне оралмақпыз. Қаншама уақыт өтсе де, қанша кездесулер өтсе де, нақты нәтиже көрмей тұрмыз. Бұлардың артында кімдер тұр? Дәл қазір Қарасай атау емес, етістік болып тұр. Әй, Үкімет, бері қарасай, көңіл бөлсей, мәселені шешсей! Мінекей, осындай етістіктер Қарасайдың әр бұрышынан қылтиып шығып тұр. Ортамыздың ойранын шығарған отыз жылда бұл аудан не көрмеді? Соның салдарын, зиянын бүгін қарапайым халық тартып жатыр. Жауабын таппаған жүздеген сұрақ, әбден қажыған мыңдаған адам. Әкімдердің, басқа да шенеуніктердің құр уәдесінен шаршаған халық. Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін көтеріп жүргенімізге міне жарты жыл болды. Газетіміздің алдыңғы №1(1480) №6(1484)  №9(1487) нөмірлерінде де жазған болатынбыз. Президенттің өзі бірінші кезекте ауыл тұрғындарының мүддесі қорғалуы керек екенін атап өтті. «Жалпы, «бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр», – деді Мемлекет басшысы. Бірақ Президенттің бұл сөзін орындап жатқан Қарасай ауданы әкімшілігінің әрекетін көріп тұрғанымыз шамалы. Осы уақытта ауыл тұрғындарымен бірге бармаған жеріміз, ашпаған есігіміз жоқ. Министрлік, ауыл әкімдігі, аудан әкімдігі, облыс әкімдігі құр сөзден іске көшетін кез келген шығар! Халық нәтижесін күте-күте шаршады. Орысша айтқанда, біздің елімізде барлығы «для галочки» жасалады. Басқа – басқа, Президенттің айтқаны, кесімді бұйрықтары неге орындалмайды? Біз осыған таңғаламыз. Тіпті Кемертоған тұрғындарының жанайқайын өз көзімізбен көрейін деп, бұл ауылға бірде-бір әкім қаралардың келмеуін не деп түсінеміз? Халықты һәм Президенттің айтқандарын менсінбеу, елемеу не деген сұмдық! Құр көзбояушылық! Осыған дейін де  газетімізде халықтың арызын берген едік. Ендігі кезекте Үкіметке жолдаған арыздың орыс тілінде түп нұсқасын назарларыңызға ұсынбақпыз. Бәлкім билік басындағылар мемлекеттік тілде түсінбей жатқан болар.

Ресми тілді түсінер деп, осылай беруге мәжбүрміз

 

УВАЖАЕМЫЙ ОЛЖАС АБАЕВИЧ! 

Мы, жители с. Кемертоган, Иргелинского с/о, Карасайского района, Алматинской области неоднократно обращались во все инстанции: акиматы Иргелинского округа, Карасайского района, акиму Алматинской области, Прокуратуры Карасайского района, Алматинской области, ДКРЕМ Алматинской области, АЗРК по Алматинской области, Департамент Атомного и Энергетического Надзора по Алматинской области, РОВД Карасайского района, через партию «Аманат», Министру Нац. Экономики Куантырову А.С., ДКНБ Алматинской области, просили проверить на все факты нарушений в области:

1 ) Электроснабжения 

Электроснабжение нашего села примерно с 2012 года находятся у частных лиц, которые на основе простых товариществ и ИП без каких-либо разрешительных документов, тех.условий поставили трансформаторы (одни за счет жителей, одни за свой счет) и продают потребителям по завышенным ценам (цена варьируется у каждого «Хозяина» по разному от 28 тг. До 43 тr. За кВт) без договоров с потребителями, без квитанций об оплате, без гос.актов на землю, на которых установлены трансформаторы и т.д. изымают «бешенные» суммы за свет (оплату считают, включая тех потери, а не за фактически принятое абонементов количества энергии определяемое в соответствии с показателями приборов учета (ст.488 ГК РК) получают оплату посредством КASPI переводов. С некоторых жителей снимали по 2000 тенге за обслуживание. Частые перебои со светом приводят порче электроприборов, печей, купленных многими в кредит.

В надежде решения бесконечных проблем с электричеством сельчане идут на крайние меры, рискуя своими жизнями перекрывают дороги надеясь быть услышанными (15 октября – попытка перекрыть дорогу Алматы – Бишкек). Всего по селу насчитывается около 160 трансформаторов! Не много ли? Почему по сей день не было гос. регулировании со стороны местных исполнительных органов? Где наше СЛЫШАЩЕЕ ГОСУДАРСТВО? Кто этим частникам устанавливал тарифы (Ербол, Нуржан, Варвара, Баян (она же Нурпия Калелова) Таня, Наташа, Тимур, Жандарбек и т д.) Законна ли данная предпринимательская деятельность? Предоставляли ли данные ПТ и ИП налоговую отчетность? Почему не ведется контроль гос.политики по области энергосбрежения и повышения энерго эффективности! Как АЖК не согласовав с Энергосбытом выдавал этим частникам тех условия на трансформаторы? Как эти частники получали с акиматов разрешение к инженерным сетям? Почему большие тех потери «вешают» на жителей? Эти трансформаторы не соответствуют технике безопасности (не ограждены, провода торчат) Как так оказалось, что во владениях некоторых частников оказались улицы, по которым не могут проложить асфальт, не разрешают провести: другой свет и по своим столбам интернет? По актам раздела границы балансовой принадлежности являются другие лица! Не является ли все это «хищением» электроэнергии, «непродуктивным посредничеством»? В последнее время имелись факты, когда частник, не взирая на отопительный период, угрожая отключением и отключая свет без уведомлений, злоупотребляя своим доминирующим положением, всячески оказывал давление на жителей, которые неоднократно писали и ездили в РОВД Карасайского района Прокуратуру Алматинской области. После были вынуждены написать в ДКПБ Алматинской области проверить на факт разжигания социальной розни (все доказательства угроз имеются, фото-видео фиксация!!!) А также из-за частых отключений стали происходить пожары. Жители от безысходности не знают что уже делать! Только после вмешательства депутата Мажилиса Парламента Баккожаева А.А., который лично приехал и увидел «настоящую» картину и жизнь сельчан, Зам акима области Кудайбергенов встретился с жителями и вынес протокольное поручение, но почему-то по сей день нет исполнения. После приема через зум с экс-министром Нац.Экономики Куантыровым, нам жителям должны были установить компенсирующий тариф, поручение дано было ДКРЕМ Алматинской области, но по сей день никто не знает на какой лицевой счет платить.  До этого оплаченные деньги за свет уходили не понятно куда. Также имеились факты, когда частник с сотрудником полиции и почты, посредством заказных писем, без оповещений, выдавал уведомления о долгах и несоответсвующие типовым договорам, выгодные для частника договора.

2) Водоснабжение также как и электричество находятся у частных лиц, которые прорыли скважины посредством водопроводных труб продавая «техническую» воду, как за «питьевую» (имеются результаты Нa подключение к электричеству и водоснабжению также платились большие деньги (от 350000-700000 тг за подключения света, от 170000-350000 за воду). Получали ли они разрешение и лицензии на бурение скважин и продажу воды, согласовывали ли они с акиматом на установку водопроводных труб и столбов линий электропередач? Почему компетентные органы не рассмотрели нарушение гос.собствености на воду.

Из-за незаконной сигментации с землями многие жители купив КХ земли на последние деньги и построив дома, не могут поменять целевые назначения своих земель и узаконить свои дома. Как так оказалось что проданы санитарные зоны кладбищ, улицы? Почему постоянно переделывается Ген план нашего села? Кому это выгодно? В прошлом году было выделено 585 млн тенге из 4 бюджета, но 80% этих денег «забирали» вышестоящие структуры. Как они осваивались, если в нашем селе не развита инфраструктура, плохие дороги, отсутствуют государственные поликлиники и детские сады, переполненная школа (обучаются свыше 5000 детей в 3 смены по 35 мин) и т.д. Бездействие акиматов, бардак в Карасайском районе, господство частников, в чьих руках находятся социально-значимый рынок, их чрезмерная уверенность в безнаказанности, коррупционные проявления, конфликт интересов, нарушения законов РК: все это толкает народ идти на крайние меры не хотелось бы чтоб повторялись вторые январские события или события в Шанырак!!! Чьи здесь лоббируются интересы? Как так оказалось, что Карасайский район­государство в государстве и здесь никому не писать законы!!! На основании выше изложенного, по Концепции «Слышащего государства» убедительно просим Вас не перенаправлять наше обращение (так как всем кому мы обращались занимались отписками), создать межведомственную комиссию на проверку всех фактов нарушений законов РК, перевести в гос.собственность социально­значимый рынок (водоснабжение, электрооснабжение, газоснабжение, а также просим вашего личного онлайн-приема!!!

Мы, жители села Кемертоган, хотим жить в новом Справедливом Казахстане и возлагаем на вас большие надежды и надеемся, что с вашим приходом правительство будет работать во благо нашей страны, и что меры для обеспечения верховенства закона и другие вопросы, волнующие население будут во внимании правительства!!!

 

 

Өзін Құдай көрген меншік иесінің әділетсіздігіне жазылған хат

 

Газетіміздің директоры Сәуле Мешітбайқызы өзі арнайы осы ауылға келіп, халықтың жағдайымен танысып қайтқан болатын. Жағдай өте қиын. Қасиетті Рамазан айында жарық иесі Калелова Нурпия мен ұлы Туркеев Ержан халықтың жарығын өшіріп тастап, тұрғындардың үстінен арыз түсіріп, жала жауып, әлімжеттік көрсетті. Қасиетті айда осындай зұлымдық жасаған Калелова халықты қойып, Құдайдан да қорықпағаны ма?  Тіпті осы уақытқа дейін Туркеев Ержанға Қарасай АПБ-да тіркелген, ҚР 389 бабы 1 тармағы (өзінше билік ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілсе де, әлі де қоқан-лоқысын қояр емес. Сонда Калелованы күшейтіп отырған кім? Әлде ол әкімшілікпен ауыз жаласа ма? Біз осыған түсінбей отырмыз. Олар өздерінің кемшіліктерін жоюдың орнына неге әпербақандық көрсетеді? Қазіргі уақытта ЖК «Калелова» электрмен жабдықтау желілері Әділет департаментінде тұтыну кооперативі ретінде тіркелген. Ол аяқ асты не қылған кооператив? Кооператив дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін адамдардың үлеспұлдық негізде ерікті бірігуі жолымен құрылған кәсіпорын, ұйым. Ал бұл жақта ерікті болып ешкім кіріп жатқан жоқ. Халықтың рұқсатынсыз қалайша кіргізеді? Халық жарықсыз, сусыз қалсақ та Калелованың кооперативіне кірмейміз деп айқай салуда. Ол аз десеңіз, ауылдағы белсенді тұрғындардың бірі, ұстаз Қазақбаева Ақлима есімді азаматшаның үстінен «халықты арандатып жүр» деген айыппен арыз түсірген. Ол расталмады. Республикалық мектепте жұмыс істейтін ұстаз құлдық жағдайларда өмір сүріп жатыр. Жалпы тұрғындармен бірге әділеттілікті талап еткен А. Қазақбаеваның не кінәсі бар? Ауыл тұрғындары бұл жерде де ауызбіршілік танытып, көршілерін жақтаған болатын. «Біз Қарасай ауданы Кемертоған ауылдық округі 17 кварталдың және тұрғындарының атынан сізге өтініш жазу себебіміз, осы ауылда 2019-2023 жылдан бері бір ауылда Казакбаева Аклима Дотаевна есімді азаматшаны жақсы жағынан танимыз. Өз қаржысынан жас зиялыларға арналған Республикалық журналға жазылып, 5 отбасының мектеп жасындағы балаларына ай сайын таратып беріп отыр. Бүлдіршіндер өте риза, себебі ауыл тұрғындары үшін халыққа деген жанашырлығы үшін көшедегі үлкеннен бастап, жас балаға дейін өз жанашырлығы мен мейірімділігін көрсетіп отырды. Дәлелдемелері бар.

Біз, №17 кварталдың тұрғындары, 32 үй ұжым болып Казакбаева Аклима Дотаевнаны бірауыздан төрайым етіп сайладық. Себебі біз жазған ұжымдық өтініш Кемертоған ауылының жалпы мәселелеріне қосылды. Біздің мүддемізді білдіру үшін, Жайық көшесінің тұрғыны Жұматаева Раушан және журналист Рауанның жалпы Кемертоған ауылының мәлімдемелерімен бірге, ауылдарымыздың проблемалары туралы жоғары тұрған құзыретті мекемелерге хабарлап, хаттама жауаптары келгенін растайды.

Себебі 17 кварталдың ауызсуы мен электр жарығының жеке кәсіпкері ИП «Калелова» Нурпия есімді азаматша өз қызметін заңсыз асыра пайдаланып, құқығымызды таптайды. Атап айтсақ, оның ұлы Ержан Туркеев мазамызды алып, қоқаңдап, қайта-қайта электр жарықты өшіріп тастаған соң, барлық құзырлы мекемелерге ұжым болып Ақлима ханыммен бірге барып шағымданғанбыз. Дәлелдемелері бар. Казакбаева Аклима Дотаевнаны әдепті, білімді,  аяулы ана, сауатты азаматша ретінде санап 17 квартал мен Байтөбе ауылының тұрғындарының халқының атынан мадақтау қағазына ұсынып өтініш жазып отырмыз!

Егерде болашақта Ақлима Қазақбаева және оның отбасына зиян, зұлымдық жасалса, біз оны Калеловадан көретінімізді алдын ала ескертеміз».

 

ӨТІНІШ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАН ТҰРҒЫНДАР:

1. Мынтаев Ерлан 

2. Карамырзиев Марат 

3. Керімбаева Роза 

4. Камас Анара 

5. Аликулов Бекза Даниярұлы 

6. Сапокенов Бекен 

7. Мұқашұлы Жомарт 

8. Бабашов Сырым 

9. Отарғали Ерасыл Ерланұлы 

10. Ертаева Сауле Наденовна 

11. Тайшиманова Дариға Токтарбаевна 

12. Алманова Акуриш 

13. Аманбекова Жанар Райспековна 

14. Жұматаев Орынбасар 

15. Кулахметов Қайрат Апорович 

16. Пулатқызы Ұлдана 

17. Алматай А.Д. 

18. Әлдек Ардақ Нұрлыбекқызы 

19.Мухаттай Амангул 

20.Мукаймасова А. 

21.Алматай А.Д.

22. Сагимбаев Берик 

23.Сагимбаева Рахия 

24.Амишев Саясат 

25.Иманбай Талғат 

26.Зекенов Салауат Бекенұлы 

27.Тайшиманов Нұрсұлтан 

28.Қалдыбеков Доскали 

29.Мейірхан Айхан 

30.Оразымбетов Нұрлыбек 

31.Таликбаев Бакытжан 

32.Тихонова Галина 

33.Нуралиев Заманбек

34.Кикимбаева Меруерт 

35.Сагинбеков Максат

36.Казакбаев Каныш 

т. б.

 

 

 

Халықтың үніне құлақ сал, Үкімет!

 

Кемертоған ауылы тұрғыны Сәуле Ертаева:

«Мен Кемертоған ауылы 17 кварталында тұрамын. Ауылдағы жарық желілері әбден тозған. Бағандарының бәрі құлағалы тұр, кейбірі тіпті құлап жатыр. Ағашқа орнатылған сымдар жерге салбырап түскендері де бар. Ойнап жүрген балалар токқа түсіп өле ме деп қорқамыз. Қосалқы стансалар ашық-шашық жатады. Ал осыны айтып, жекеменшік иесіне «жөндеп беріңіз» деп талап қойған менің үйімдегі жарығымды еш ескертусіз кесіп кетті. Жарық болмаған соң, су да жоқ. Үйде кішкентай бала-шағамыз бар. Жарықтың ақысын төлемейді емес, төлейміз, бірақ заңды түрде барлық стандартқа сай болса ғана төлейміз. Меншік иесі «Мен не істейтінімді өзім білемін» деп, халықпен тілдеспейді. Жекеменшік иесінің қызметін ешкім реттемегені ме? Мен Қазақстан азаматы ретінде өркениет игілігін пайдалануға құқылымын ғой.  Жергілікті әкімдіктен бастап, Энергетика министрлігіне дейін мәселені айтсам да, ешкімнің жекеменшік иесіне қауқары жетпегеніне налып отырмыз. Сондықтан Президентке жеткізсеңіздер, басқа амалымыз болмай тұр».

Ауыл тұрғыны Алманова Акуриш: 

«Ержан Туркеев мазамызды алып, қоқаңдық көрсетіп қайта-қайта электр жарығын өшіріп тастайды, ел-жұрттың бәрі күндіз жұмыста, үйде бала-шаға жалғыз қалған шақта үйлерімізге келіп жарықты тексеріп, бала-шағаны үркітіп, қорқытып кетеді. Күні кеше ғана ауыл тұрғыны Мыңтаев Ерланның үйіне келіп жарығын өшіріп, сотқа берем деп қоқан-лоқы көрсетіп кетті. Отбасыларымызға қауіп төніп тұр ма деп қорқамыз. Ертеңгі күнде біреудің үйі өртеніп кетсе, балаларымыздың басынан бір тал шаш түсетін болса, бүкіл ауыл болып Ержан мен Нурпия ападан көретін боламыз».

 

 

Ауыл тұрғыны Кулахметов Қайрат:

«Жарықтан бөлек, біздің ауылда су мәселесін де өздеріңіз білесіздер, ол да Калелованың меншігінде. Ауылымыздағы су құбырының айналасында төрт үй бар. Алдындағы жер сілкінісінде сол су құбыры шайқалып, үйіміздің төбесіне құлай ма деп тағы да қорықтық. Себебі оның астындағы қазылған бетоны 1 метр ғана, ол оны ертеңгі күнде ұстап тұра алмайды, біреудің үйіне құлайтын болса, кім жауап береді? Кішкентай бала шағамыз далада ойнап жүреді, әр күніміз уайыммен түніміз ұйқысыз өтетін болды. Міне сәуір айы да келіп қалды. Ертең Сәуірдің 15 нен кейін жарық сөнеді, жылу өшеді сол кезде біздің жекеменшік иесі атқа қонады. Жағдай сол кезде тағыда қиындайды».

 

Заң Құран емес, тиісті орындар қателіктерді жедел жөндеуі тиіс!

 

Осы орайда Мәжілісте өзекті мәселені көтерген депутат Ринат Зайытовтың айтқан сөзін келтіргенді жөн көрдік. Депутат өз сауалында Қылмыстық кодекстің 429-бабын мысалға алды. «429-бапта, өзіңіз білетіндей, «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерімен және оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамдарға күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына және өміріне қол сұғу» туралы айтылған. Бұл қалай? Сонда біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап, ал екінші бабымен қорғап отырмыз. Бұл неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісімге келіп, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Осы орайда біз «сондай-ақ сотталған адамға қатысты» деген жерін алып тастауды сұрап отырмыз. Сіздің пікіріңізді білгім келеді», – деді мәжілісмен. Ринат Зайытов азаматтарды еш себепсіз көшеден алып кетіп, қамайтын фактілердің көбейгенін де атап өтті. «Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Жоғарғы соттың өкілдеріне арналған біздің Президенттің халыққа үміт берген «Әділетті Қазақстан» деген сөзі бар еді. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып, қамай салатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар. Оған шешім шығара салатын сот бар. Осы орайда сұрақ: Әділетті Қазақстанды орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?» – деді Зайытов.

Біздің көтеріп отырған мәселеміз де осы емес пе? Кемертоған мәселесін депутаттарға да жеткізген болатынбыз. Бірқатар мәжілісмендер халықпен кездескен де болған. Оның ішінде «Ауыл» партиясының өкілі Баққожаев Анас Ахатұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Алматы облысының әкімдігіне дейін жеткізіп, ықпалын тигізген болатын. Әлі де болса Мәжілістегі саяси партияларды бөлмей барлық партияның депутаттарына құлаққағыс «заң – құран емес» осы жекеменшік иелері мен жер пайдаланушылар жайлы заңды қайта қарастыру керек сияқты. Бүгінде мұндай заң ауадай қажет. Өйткені бұл жалғыз Кемертоғанда ғана емес, елімізде бұндай жекеменшік ауылдардың қатары көп. Сондықтан заңды қайта қарау Қазыбек Иса, Абзал Құспан, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай, Анас Баққожаев т.б. Мәжіліс депутаттарына аманат!

ТҮЙІН: Мінекей, қадірлі оқырман, сағыздай созылған Кемертоған мәселесі туралы кезекті мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Жергілікті әкімшіліктердің қауқары жетер емес, себебі заң соқылдақ. Жоғарыда айтқанымыздай, әлі де ешқандай дәйекті нәтиже болмай тұр. Енді бар үміт жаңа Үкіметте. Халық шаршаса да, бәрібір күресті жалғастыра береді. Жаза беруден талмаймыз. Бірақ шыдамның да шегі бар ғой. Сондықтан биліктен енді тегеурінді, нақты әрекет күтеміз.

Ескерту: Осы уақытқа дейін Калелова Нурпия ханымға сұрақтарымызды да қойып, өзің тыңдауға да қарсы болған емеспіз, өзі тоның ала қашты, Калелова ханымның өз айтар уәжі болса біздің газет дайын

 

Рауан Мутаир