«Біз таланттыларды іздейміз»

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Біз таланттыларды іздейміз» атты аудан жастары арасында ән байқауы өткізілді.

Іс-шараға қала және ауылдық округтерден талантты жастар қатысты. Шығармашыл жастар өнерге деген зор талабы мен талантын байқатты.
Іс-шараның мақсаты: талантты жастардың өнері арқылы жастардың ұлттық рухани өре биіктігін таныту.
Үздік шыққан өнерлі жастарымызды арнайы марапаттауға аудан әкімінің орынбасары
Е.Есмаханов қатысып ыстық тілектерін білдірді.

Жастар Ресурстық Орталығы. Сарысу ауданы