Біздің кезіміздегі гугл мен тик ток осы еді….

Жамбыл Артықбаев ағамыздың мына жазбасы көпке ой салады.
Мына 3 томдық 1984 жылы шықты, менің балаларым осы кітаптармен өсті. Іші толған балаға керекті ақпарат. Әлі есімде бір жолы кіші ұл мектептен «протекторат» деген сөздің мағынасын мен ғана біледі екенмін деп мақтанып келді,. Ненің арқасы ? Осы «Ол кім, бұл ненің» арқасы. Бұл ескі басылымда аздаған советтік идеология бар, қазіргі күні қайта редакциялауға болар еді. Қаншама заманауи өзгерістер болып жатыр, постиндустриалды қоғамның жаңалықтары көп. Стиф Джобс, Цукерберг, әлемдегі мықты бизнес өкілдерін, керемет автоларды, мықты ғалымдар мен шахматистерді, спорт саласын қосса болар еді.
Әрине, бала әдебиеттен хабары болуы керек, ең бастысы сауатты жазуды, өз ойын жеткізуді үйренуі керек. Ол үшін мен балаларға «Түс дәптері» деген дәптерді жүргізуді тапсырдым. Көрген түстерін жазып отырсын. Кіші қыз осы дәптерін кітап дәрежесіне жеткізді «Оливьенің бастан-кешкендері» аталады, қолжазба кітап болып шықты. Өсе келе модный әдебиетті , Ремарк, Код да Винчи, анау бір жапон жазушысы, атын ұмытып тұрмын, басына жастап оқыды. Әдебиет жолы болмайды деп алдап-сулап «Алтын белгі» алған қызымды медицина бағытына түсірдік.
Баланы әдебиетке икемдеу қаншалықты қажет ? Менің ойымша еш қажеті жоқ. Отбасында әдебиеттен хабар болса жеткілікті, ертегі айтатын ата-әжесі болса тіпті жақсы. Сонымен шектелу керек. Егер балада жазушы-ақындық қасиет болса ол бәрібір бұзып-жарып шығады, әрі беріден соң бір елге бес-алты керемет талантты ақын-жазушы жетер еді деп ойлаймын. Заманнан қалып қоймайық, балаға ол кім , бұл не дегенді ертерек үйретейік, достар !
Автор: Жамбыл Артықбаев
📚@kitapkz1