Біздің медицина…
Ауырсаңыз жаныңызды жарылқамаңыз, алдымен құжаттарыңызды реттеңіз.
Біздің медицина туралы көп естіп, көп талқылайтынын білемін. Бірақ басымнан өтпеген соң бірдеңе жазу ұят деп түйіп едім. Өкінішке орай сырқаттанып қалып, ақыры күніміз түсті.
Бір аптаның жүзі болды, бір құлақты көтеріп алып ары-бері шапқылап жүрмін. Суық тиген болса керек, жартылай естімей қалды. Естімей қалған ештеңе емес, қайта-қайта ыстықты көтеріп, мазаны алды. Төрт күн бойы шыдатпай кетіп еді, кеше айнаға қарасам өзімді танымай қалдым. Ақыры не керек ауруханаға барайын деп шешіп, шауып бардым. Барып едім сіздің тіркеуіңіз сіздің оқу орныңызда, сонда барыңыз деді. «Емделіп шыққан соң қағаздарды реттейін» деп едім, «жоқ, қабылдай алмаймыз» деді. Ыстық 39+ ар-жақ бер жағын ұрып тұр, алып ұшып келдім. Келсем есіктен екі жас қыз күтіп алды. Қабылдаушы ханымдар. Менен де жас секілді.
— Құлағым шыдатар емес, лорға кіріп шықсам деп едім…
— Кешіріңіз, жеке медициналық қағазыңызды алып келіңіз. Ол осындай жатақханада беріледі деп тағы шығарып салды. Салым суға кетіп сонда барсам, түскі асқа кетіпті. Содан не керек қайта жүгіріп жаңағы жерге барып, түстен кейін болсын әкелейін, қаралайыншы деп едім, «бізде лор 1- ге дейін жұмыс жасайды» деп күліп берді. Сонда бізде дәрігелер адам өмірінен гөрі уақытты бірінші орынға қоя ма?!
Бәрін тастап үйге келіп, ауырып жатқан құлаққа шыдай алмай, жедел жәрдем шақырдым. Жетіп келген жас қыз, жүріңіз сізді ауруханаға апарайық, қызу бар және құлақ ауырып тұр деп күліп, алып кетті. Барған жерім облыстық аурухана екен. Есіктен тағы да екі қабылдаушы қыз қарсы алды. «Күтіңіз деді!». Күттім… жарты сағат өткен соң жаңағы қабылдаушы қыз атымды атап, «лор келмейтін болды, өзіңіз көтеріліңіз» деді. Құлақ ауырып әкетіп бара жатқан соң ыңғайларына көндім. Адасып жүріп тауып бардым. Қырықтан асқан апай екен. Құлағымды қарады да:
— Сен ертең келші, бүгін бас дәрігер жоқ дейді? Ооо әкеңді!
— Онда мені не үшін алып келдіңіздер?
— Солай болып тұр. Бәрі дұрыс. Құлақта зақым жоқ. ертең келіп бір қарал.
— Жақсы ертең келейін. Тек түнде құлағым түсіп қалса, құлақтың өзін беріп жіберейін, емдеп қайта салып жіберсіздер ғой,-деп әзілдедім. (апам күледі).
Сонда мен жедел жәрдеммен кетіп, ешбір укол алмай, не дәрі алмай, құлақтың ішіне бір темір кіргізіп тексертіп, «ертең кел» деген сөзді естіп, жаяу қайтып кету үшін келген екенмін.
Түйін. Тегін ем жасамай-ақ қойыңдаршы! Ақшасын төлеп емделейік құрысын. Тегін мысық бетін көрсетпейтін заманда, дәрігерлердің де құлқын жеген ақша. Әйтпесе есі дұрыс адам сондай диагноз қойып бере ме?! Дипломды сатып алғандардың мойнында қанша адамның тағдыры жатыр екен ә… Ішім күйіп, құлағым да ауырып есті алып барады.
Ескертемін, суықпен ойнамаңыздар, құлақпен де ойнамаңыздар! Ал оны емдейтін жеке «крутой врачтарым» бар десеңіздер, пожалуйста ойнай беріңіздер, әйтпесе құлақсыз не бассыз қаласыздар.
(с) Мәке