Бизнес дамымай жұмыссыздық азаймайды
Түпқараған ауданы жайлы қысқаша ақпарат:
Түпқараған ауданы – Маңғыстау облысының батысында орналасқан. Аудан орталығы — Форт-Шевченко қаласы. Ауданның құрамына Форт-Шевченко қаласы, Баутин поселкесі, Қызылөзен, Ақшұқыр, Саин Шапағатов, Таушық селолық округтары кіреді. Ауданға қарасты барлық елдімекендер көгілдір отынмен қамтылған. Бүгінгі таңда ауыз су және кәріз су құбырының құрылыстары жүргізілуде.
Тілші: Темірбек Тыйылұлы, алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталсаңыз. Жыл басынан бері қай салада өсім бар?
Темірбек Асауов: Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі – 270 млрд. 979 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 79 млрд 487 млн. теңгеге көбейген. 01.06.2017 жылы – 191 млрд, 492 млн. теңгені құрады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар – мамыр айларына ауданда 1 843,5 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,6 % құрады. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 102,3% құраса, 01.06.2017 жылы – 94,3%. Халық саны 30,0 мың адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 % өскен 01.06.2017 жылы – 27,5 мың адам. Ауданда 1843 жаңа жұмыс орындары құрылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43 жұмыс орынға азайған. (01.06.2017 ж — 1886). Жастар практикасы- 50 орын,әлеуметтік жұмыс орындарына-113 орын. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 млрд 317 млн 700 мың. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 52 млн. 600 мың. теңгеге көбейген. 01.06.2017ж. – 16 млрд. 265 млн. 100 мың.теңге. Жалпы көлемі 23,9 мың кв.м. тұрғын үйлер іске қосылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4 мың кв.м. азайған 01.06.2017 жылы – 24,3 кв.м. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларына Тұрғын үй құрылысына 1 млрд 389 млн.800 мың.теңге инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3.9 есеге көп. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 11.6% құрады. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көздері үлес салмағы 100% – ды құрайтын салушылардың меншікті қаражатынан болды.
Кәсіпкерлерді қолдау бағытында есепті кезеңде 27 млн.теңге көлемінде 4 адамға несие берілді.
Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жұмысшыларының орташа жалақысы 167 093 теңгені құрап, 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 15,6% өсті (01.06.2017 ж – 144 540теңге).
Есепті кезеңде Денсаулық сақтау саласында 1-жасқа дейінгі 1 сәби өлімі тіркелген. Сәби өлімінің көрсеткіші туылған 1000 сәбиге шаққанда 2,3 промильді құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,1 промильге азайған (01.06.2017ж.– 1 бала, 3,4 промиль).
Өкпе ауруына шалдыққандар (100 мың тұрғынға шаққанда) саны 4 адамды құрап, 13,2 промильді құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,9 промильге төмендеген. ( 01.06.2017 жылы 10 адам 34,1 промиль).
Аудан бойынша есепті кезеңде 442 бала дүниеге келді, ол өткен жылмен салыстырғанда 43 балаға көбейіп отыр (01.06.2017 ж.– 399 бала). Аудан бойынша ағымдағы жылы да ана өлімі тіркелген жоқ.
Тілші: Экономикалық дамудың тағы бір көрсеткіші — құрылыс. Бұл сала бойынша қандай жаңалықтар бар?
Темірбек Асауов: Қазіргі таңда аудан бойынша инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту бойынша 4 жобаға «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы ашық конкурс өткізілуде. Оның төртеуі де Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов ауылдық округінің инженерлік-инфрақұрылымдары қамтылған. Сондай-ақ, аудандық құрылыс бөлімі арқылы Сайын Шапағатов ауылдық округі мен Қызылөзен ауылы бойынша 3 жобаға ашық конкурс өткізілуде.
Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылынан «Бест-Групп НС» ЖШС арқылы қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясы салса, Форт-Шевченко қаласында «КТ Редкометальная Компания» ЖШС арқылы қуттылығы 42 МВт жел электр станциясы салынуда.
Тілші: Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселе – жол. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
Темірбек Асауов: Аудан бойынша ауылішілік автомобиль жолдары жобалық сметалық құжаттамалар жасақталып бюджетке құрылысын бастауға қаражаттарға сұраныс берілді. Атап айтқанда, Ақшұқыр ауылы бойынша жалпы ұзындығы 10 шақырым автомобиль жол құрылысын салуға 2 жоба, Баутин, Аташ елді мекендері бойынша Д.Сатимов және Б.Ақсанбаев көшелеріне ауылішілік автомобиль жолын салуға жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, бюджетке сұраныс түсірілді. Сондай-ақ, ауданның киелі орындары Сұлтан-Епе, Шақпақ-Ата жер асты мешіттеріне, Тамшалы, Саура демалыс орындарына, Форт-Шевчеко қаласы, Ақшұқыр, Қызылозен селоларының индустриалдық аймақтарының да автомобиль жол құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасақталып, бюджетке ұсынылды. Сайын-Шапағатов елді мекені бойынша жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын 2 жоба 2017 жылдан бастап жасақталуда, жобаның қажетті қаражаттарына байланысты уақыты ұзартылып келеді. Форт-Шевченко қаласы бойынша ұзындығы 7,4 шақырым болатын ЖСҚ-ы жасақталуда. Қаражат бөлінісіне қарай осы жылдың соңына дейін бітіру жоспарда тұр. Барлық жұмыстар қаражат бөлінісіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Тілші: Үкімет тарапынан ұсақ шаруаларды ірілендіру үшін кооперациялар құру туралы нақты тапсырмалар берілді. Аудан бұл жүйені қалай іске асырып жатыр?
Темірбек Асауов: АӨК-тің ірі және шағын субъектілерін біріктіретін, тік зәкірлік (якорный) кооператив құрып, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтары өнімдерінің осы кооперативке өткізілуі бойынша Сайын Шапағатов ауылдық округінде орналасқан «WDOSAGARGAN» ЖШС-і жанынан «СК АҒАРҒАН ТРАНЗИТ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін ашу арқылы зәкірлік (якорный) құру жоспарлануда және аталған шара бойынша меморандум әзірленуде.
Сайын Шапағатов ауылдық округінде орналасқан «WDOSAGARGAN» ЖШС-і жанынан «СК АҒАРҒАН ТРАНЗИТ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін ашу арқылы қазіргі таңда өңірдегі шаруа қожалықтар мен үй шаруашылықтарында өндірілген сүт өнімдерін жинап қайта өңдеу мақсатында елді мекендерде 10 (он) сүт қабылдайтын пункт орналастыру жоспарланып, 6 (алты) данасы сатып алынды, орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Тілші: Облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы қандай?
Темірбек Асауов: Облыс тарапынан берілген тапсырмалар аудан бойынша үнемі бақылауда ұсталып келеді. Былтырғы жылы бойынша 151 хаттамалық тапсырма түссе, оның 103 орындалып, 48-і мерзімді бақылауда тұр. Биылда бұл бағытта жұмыстар жалғасып, хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындалуы үнемі бақыланып отырылады.
Тілші: Елбасы кәсіпкерлік саласына ден қойып, барынша жағдай жасауды тапсырған болатын. Маңғыстау облысында аталған сала ерекше бақылауда. Тіпті, бұл мақсатта «Нұр капитал» бағдарламасы жасақталды. Жалпы, кәсіпкерлік бағыты бойынша ауданда қандай жұмыстар жүргізілуде? Қандай тың жобаларыңыз бар?
Темірбек Асауов: Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесі бәрінен де биік екенін көрсетті. Бұл орайда тағы да Елбасы Қазақстандағы бизнестік ахуалды жақсартуды тыс қалдырмады. Енді міне, тағы да шағын несие беруді көбейту мәселесі айтылды, нақты тапсырмалар берілді. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. Біздің ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқытуда үш кезеңмен 100 адамды оқыту қарастырылған. Оқудың алғашқы кезеңі 19.04.-15.05.2018ж. аралығында Форт-Шевченко қаласында жүргізілді. Оқытудың 2-ші кезеңі ағымдағы жылдың 28.05-22.06 айлары аралығында Ақшұқыр ауылында жүргізілді. Оқтудың екі кезеңінен 64 адам аяқтап, оларға сертификаттар табыс етілді. Ал 32 адам өз жобаларын облыстық комиссяда қорғап несие алуға мүмкіндік алды. Жобалардың жалпы сомасы 157 429 084 теңге, 98 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланды. Оқытудың 3-ші кезеңі 2 шілдеде Ақшұқыр ауылында басталды. Оқушылар саны 44. Аудан бойынша осы жылдың 6 айына 11 адам 50,5 млн. теңге шағын несиеге қол жеткізді. Соның ішінде «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы 9 адам 31,5 млн. теңге, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының микро қаржы беру ұйымы арқылы 2 кәсіпкер 19,0 млн. теңге шағын несие алды. Алдағы уақытта осы несие беруші ұйымдар арқылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқып жобаларын қорғаған барлық адамды несиелеу қарастырылатын болады.
Шағын және орта бизнес саласымен айналысуға берілген қолдауды пайдаланып, өз ісін ашу бағытында әр адам өз мүмкіндіктерін қарап бағыт алуы қажет деп санаймын. Ендігі жерде жұмыспен қамту, шағын және орта бизнестің үлесінде. Оны дамытпай жұмыссыздықтың санын азаймайтынын ашып айтқан жөн.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 7-жұлдызында «Nur Kapital» бағдарламасы салтанатты түрде іске қосылды. Аталған жоба республикамызда тұңғыш қабылданды. Бағдарлама ҚР Президенті, Елбасымыздың қолдауына ие болып, жобаға үлкен сәттілік тілеген болатын.
Шараға Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала мен аудан әкімдері, кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің қаржы институттарының өкілдері қатысты. Ашылу салтанатына Түпқараған ауданынан ұсынылған үш жобаның ішінен «Қызыл таң» шаруа қожалығының «Көкөніс өсіретін жылыжайдың құрылысы» жобасы таңдалып, презентациясы жасалды.
«Nur Kapital» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін аудандағы кәсіпкерлердің жобаларын саралап, 2 рет өткізілген облыстық үйлестіру кеңесінің отырысына 18 жоба ұсынылды, 16 жоба мақұлданды. Оң нәтижесін алған 16 жобаның сомасы 310,796 млн. теңге құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны -150.
Қазіргі таңда үйлестіру кеңесінен өткен жобалардың банктер арқылы қаржыландыруларын қадағалап, өңірлік бағдарламаға жаңа жобалар жинақтау жұмысы жүргізілуде.
Тілші: Ауданда жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?
Темірбек Асауов: Жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 1051 адам хабарласты. Оның ішінде жұмыссыздар саны 694 адам (2017 жылдың осы кезеңінде – 1017 адам, оның ішінде жұмыссыздар 663 адам)
786 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның 429 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 6 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді. 5 адам (мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша 3 адам, тігінші мамандығы 1, лаборант 1 адам) курсты аяқтады. 1 адам курсты өз еркімен тастап кетті.
Оның 2 адамы оқудан кейін тұрақты («Ақ жол құрылыс» ЖШС-ына лаборант, Жеке кәсіпкер «Б. Абдуллаеваға» тігінші) жұмысқа орналастырылды.
Техникалық және кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылы 100 адамды қамту жоспарланып отыр.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік гранттар беру үшін 5 адамға 1 млн. 203 мың теңге бөлінді. (1 адамға 100 МРП, 1 МРП = 2405 теңге).
Сонымен қатар, биылғы жылы облыстық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өтініш білдірген 87 адамның 64-і тестілеуден өтіп, сертификаттарын алды оның ішінде 32 адам жоба қорғады.
Үшінші бағыт бойынша Жыл басынан бері барлығы 693 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 429 адам (233 адам он күннің ішінде, 196 адам вакансиялық орындарға) тұрақты және 264 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды.
Уақытша жұмыстың ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына, 117 адам ақылы қоғамдық жұмыстарына 93 адам орналастырылса, жастар практикасына 54түлек жолданды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл шараға 4,2 млн. теңге қарастырылып отыр.
Тілші: «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы жайлы айтсаңыз. Жастар бұл жобаға қызығушылық таныта ма?
Темірбек Асауов: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. 2009 — 2017 жыл аралығында ауданымызда барлығы 366 маман көтерме жәрдемақымен қамтылған болатын. Оның ішінде 317 білім саласынан, 40 денсаулық саласынан 1 әлеуметтік саласынан, 7 мәдениет саласынан және 1 агроөнеркәсіп саласының мамандары.
Жылдан жылға аудан көлемінде ауылдық елді мекендерге мамандар көптеп келіп жатыр. Атап айтсам, Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарына жас мамандар көптеп келуде.
2018 жылға көтерме жәрдемақыға жоспар бойынша 50 маманға қаражат қаралып, оның – 28 маманның қаражаты игерілді.
Аудан бойынша 2011-2017 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие алған мамандар саны — 61 маман. 2018 жылы жоспар бойынша 11 маманға қаралған қаражат толықтай игеріліп, 11 маман тұрғын үймен қамтылды.
Тілші: Ауданға қарасты ауылдарды сумен қамту қалай жүргізілуде?
Темірбек Асауов: Қазіргі таңда «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы:
- «С.Шапағатов селосында сұйыққойма және селоішілік су құбырын салу» (6 орам)». Түзету» жұмыс жобасы бойынша ашық конкурс жарияланды. Жоба құны – 750 598,0 мың теңге. 2018 жылға қаралған қаражаты – 100 000,0 мың теңге.
- «Ақшұқыр ауылында ауылішілік су құбырын салу» (қосымша жеке тұрғын үйлер)» жұмыс жобасы бойынша ашық конкурс жарияланды. Жоба құны – 635 376,0 мың теңге. 2018 жылға қаралған қаражаты – 100 000,0 мың теңге.
Аталған жобалардың қорытындысы шығып, мердігері анықталған сон құрылыс жұмыстары басталады.
- «Таушық селосында кентішілік су құбырын салу (бас жоспарға сәйкес 465 теліміне)» жұмыс жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 353 272,0 мың теңге. Мердегері – «Альянс ЛТД» ЖШС. Келісім шарт құны — 280 589,7 мың теңге. 2018 жылға қаралған қаражат – 184 000,0 мың теңге.
Тілші: Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асуда?
Темірбек Асауов: Елбасымыздың бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Түпқараған ауданының 25 жылдығы аясында облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен аудандық өңірлік жобалық офисі құрылып, тәжірибелі мамандар тартылды. Жалпы бағдарламаның ішкі бағдарламалары аясында жұмыс тобының құрамында білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, БАҚ саласының мамандары, жалпы саны 18 адам жұмыс жасайды.
Жалпы, баршаға мәлім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төрт кіші бағдарламалардан тұрады. Олардың әрқайсысын орындау мақсатында аудан бойынша 2017 жылы біраз жұмыстар жасалды. «Атамекен» ішкі бағдарламасының негізгі мақсаты – әрбір қазақстандық елін дамытуға, туындаған мәселелерді анықтауға, шешілу жолдарына көмек көрсетуге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өзінің тұрғылықты жерінің белсенді азаматы азаматы болуға ықпал ету болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу барысында «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 26 шара ұйымдастырылып, 3144 адам қамтылды. Соның ішінде, «Жомарт жүрек» базалық жобасы- 5 шара, «Азаматтық бастамалары картасы» базалық жобасы бойынша 2017 жылы құны 1 184, 1 млн. теңге құрайтын 15 әлеуметтік жоба іске асырылды. Оның ішінде Таушық ауылы Шахта орта мектебінің 1997 жылғы түлектері шағын саябақ тарту етсе, НКОК компаниясы арқылы Таушық ауылына әмбебап спорт кешені салынды. Таушық ауылында жеке кәсіпкер А.Қосуақовтың демеушілігімен «Күншуақ» балабақшасы мен Ақшұқыр ауылында «Кезби» ЖШС директоры Б.Кезбаевтың демеушілігімен «Гаухар» бала бақшасы, іске қосылса, Ақшұқыр ауылында жеке кәсіпкер А.Төлеумағанбетовтің демеушілігімен спорт кешені салынды. Баутин ауылында ЭНКА компаниясы демеушілігімен жалғызбасты тыл ардагеріне үй салынып, көмек көрсетілді. Форт-Шевченко қаласында жеке кәсіпкер І.Мүсіреповтің демеушілігімен көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры жасалып берілді. Биыл өңірлік сараптау кеңесіне ұсыныс ретінде 4 жоба жіберіп отырмыз.
Тілші: Аудандағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар әлеуметтік міндеттемесін орындап жатыр ма?
Темірбек Асауов: Бұл жөнінде үлкен компаниялардың бірі «НКОК» компаниясын ауыз толытырып айта аламын. Ауданның білім, денсаулық, мәдениет, спорт бөлімдеріне үлкен көмектер көрсетіп келеді. Соның ішінде материалдық-техникалық жабдықтау үзілмей көрсетіліп келеді. Былтырғы жылы Таушық ауылында спорт алаңын салып берсе, бала бақшаларды жиһаздар және «Монтессори» құрал-жабдықтарымен қамтыды. Сондай-ақ, мектептерді химия, тарих пәні кабинеттерімен жабдықтады. Аулаларға ойын алаңдарын салып берді.
Тілші: Ауданның білім саласының жайына тоқталсаңыз? Биыл ҰБТ бойынша ауданның көрсеткіші қандай?
Темірбек Асауов: 2018 жылы білім саласын дамытуға арналған шығыстар 3 303,5 млн. теңгені, немесе аудан бюджеті шығыстарының 53,1 пайызын құрап отыр /2017ж.- 2968,6 млн. т.- 32,5%/.
Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 21, ондағы педагогтар саны- 339, бала саны – 1966, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту пайызы 99,7% .
Ағымдағы жылы Ақшұқыр ауылынан 75 орынды, Сайын Шапағатов ауылынан 75 орынды балабақшалар өз жұмыстарын бастады. Таушық ауылынан 100 орынды жеке балабақша ашылу жоспарлануда.
Үш ауысымның алдын алу мақсатында Сайын Шапағатов ауылы бойынша 600 орынды мектеп құрылысы басталды, 2018 — 2019 оқу жылында пайдалануға берілетін болады. Осындай жоба Ақшұқыр ауылы бойынша да жасақталып, қаржыландыруға ұсынылды /құны- 1460,0 млн. теңге/. Биыл жылдың екінші жарты жылдығында құрылысын бастауға қаржы бөлінеді деп жоспарлануда /тапсыру- 2019 жыл/.
Биыл Түпқараған ауданы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы – 248 түлек қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен орташа балл — 75,6 %. Аудан бойынша 10 түлек «Алтын белгі» және 14 түлек «Үздік аттестатты» иеленді.
Тілші: Темірбек Тыйылұлы, ауданның тыныс-тіршілігін айтып, ой бөліскеніңізге рақмет. Қызметіңізге табыс тілеймін.
Сұхбаттасқан — Айман Нұрмағанбет