Бизнес субъектілерінің 36%-ы сауда саласында жұмыс істейді
Елімізде сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бұл сектор аталмыш көрсеткіш бойынша барлық сала арасында 1-орынға ие. Ол ЖІӨ-дегі экономикалық салым бойынша 2-ші орында, субъектілердің 36%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Осы жылдың 5 айында сауданың нақты көлем индексі 103,1%–ды құрады. Номиналда ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгеге тең болды. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы көрсеткіш былтырғы осы кезеңдегі деңгейден 1,5 млн теңгеге асып түсті.
«Сонымен қатар, біз екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтудеміз. Ағымдағы жылдың 5 айында саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады. Енді ішкі сауданы дамыту министрлігінің қызметіне тікелей көшкім келеді. Сауда саласының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Сауда қызметтеріне, ұсақ бөлшек сауда желілеріне, базарларға, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, электрондық саудаға қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ 9 ұлттық және 1 мемлекетаралық стандартқа байланысты персоналға қойылатын талаптар стандартталатын болады», – деді спикер.
Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша талаптар егжей-тегжейлі нақтыланған. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері көрсетілген жәрмеңкелерді өткізу күнтізбесін бекітеді, оның тақырыбын айқындайды және қазақстандық өнім өндірушілерді тегін сауда орындарымен қамтамасыз етеді.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын бөлу бойынша ЖАО конкурстарын өткізу нормалары белгіленеді. Бұдан басқа, Ережеге төмендетілген тауарларды өткізу бойынша жекелеген талаптар және сатуды өткізу тәртібі енгізілген.
«Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелер үшін ішкі сауданың негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында есептеулердің тиісті тәртібі әзірленді. Бұл жобаны қабылдау сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға назар аударуға мүмкіндік береді.