Болашаққа нық қадам

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айшықтап отыр. Бұл мәлімдемеде келтірілген экономиканың өсімін қамтамасыз ететін тетіктерге келетін болсақ, өзіміз көріп отырғандай, ендігі кезекте кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу көзделіп отыр. “Индустрияландыру жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс”, дейді Елбасы.  Жаңа технологиялық даму үдерісі қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертпек.

Елбасымыз агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамыту, құрылысқа, коммуналдық салаға заманауи өзгерістер енгізу, адами капитал, қаржы секторын жаңғырту, мемлекеттік тиімді басқару мәселелері бойынша тапсырмалар берді. Осылардың ішінен адами капиталдың әлеуетін жоғарлату үшін тиісті салаларға көптеген реформалар, озық тәжірбиелер енгізілмекші.

“Денсаулық сақтау ісі – дені сау ұлттың негізі”, – деп те Нұрсұлтан Әбішұлы дұрыс айтып отыр. Халықтың өмір сүру ұзақтығына және технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі артып келеді. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс. Бұл айтылған сөзбен де толық келісемін. Өйткені, кезінде жұмыс, үй-күй деп денсаулығына атүсті қарағандар, қазір ем іздеп ауруханалардан шықпайды. Сондықтан жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық денсаулықты басқаруға мән берілу керек.

2017 жылдан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы 30 пайызға дейін  арттырылды. Және бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі де өсті. Мұндай әлеуметтік саладағы өзгерістердің тигізер көмегі зор. Білім жүйесіндегі реформалар, мұғалімдер жұмысына қойылатын талаптар мен олардың еңбектерінің бағалануы да мені қуантып отыр.

Әдия АХМЕТОВА,     

                                                                                                    облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.