Болашақ электр энергетиктердің өнертабыстары

 

С.Торайғыров атындағы ПМУ «Электротехника және автоматизация» кафедрасындағы радиоэлектроника үйірмесі дарынды студенттер мен оқушылардың басын қосты. Жақында осы үйірменің шәкірті Баязет Исқақов «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың облыстық турнирінің бас жүлдесіне ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Техника ғылымдарының кандидаты Анатолий Мануковскитің жетекшілігімен жасалған болашақ энергетиктің жобасы сұйық және сусымалы материладардың деңгейін қашықтықтан өлшеуге мүмкіндік береді. Ол өлшемдердің нәтижесін көрсетіп, берілген мәндер дұрыс болмауына байланысты дабыл береді.

Жоба авторының айтуынша, бұл жүйе өнеркәсіп пен тұрмыста апаттық жағдайды уақытында анықтауға арналған. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар қатарынан Павлодар облысының құрамасы да көрінді. Келесі кезеңде жастар жобаларын республикалық деңгейде таныстырады. Жарыс Талдықорған қаласында өтеді.

Тілеуберді САХАБА.