Болашақ үшін естелік: қуғын-сүргін тарихын зерттеу үшін Қарағандыда ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылды.

Өткеннің тоталитарлық ақ дақтары мен мұрағаттарды толық құпиясыздандыру қажеттілігі туралы Қарағандыда өткен «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кездесу онлайн-режимде өтті. Оған белгілі қазақстандық тарихшылар, саясаттанушылар, этнографтар қатысты.

Жарқын болашақ үшін ХХ ғасырдың қайғылы тарихын білу және есте сақтау маңызды. Бүгінгі конференция — қуғын-сүргін кезінде жазықсыз зардап шеккендердің барлығына құрмет көрсету болып табылады. Зиялы қауымның жарқын өкілдері жойылып, миллиондаған адамдар Қазақстан жеріне күштеп көшірілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тарихтағы ақ дақтарды жою, Алаш қайраткерлерінің бай мұрасын зерттеу қажеттігін атап өтті.

 

 

Бүгінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік және өңірлік комиссиялар жұмыс істейді, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Конференцияға қатысушылар құжаттар мен мұрағат материалдары негізінде жаңа зерттеулер ұсынды. Академиктер Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, Зарқын Тайшыбай, Жамбыл Артықбаев, журналист-жазушы Төрехан Майбас, саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы және т. б. сөз сөйледі.

 

                                                                                                     Жомарт Шаймұрат