Болат Бақауов барлық әкімдерге әлеуметтік желілерде парақша ашуды тапсырды

Мұндай міндетті Павлодар облысының әкімі халық алдындағы есеп беру кездесуінде қойды.

Кездесу барысында сөйлеген өңір басшысы Болат Бақауов халықтан түскен өтініштерді қарастырудың жеделдігін күшейтуге ерекше назар аударды. — Былтырғы жылы өткен есептік кездесуде 46 сұрақ қойылып, оның 25-і бірден шешімін тапты, — дейді Болат Бақауов.

Foto Valeriy BUGAYEV

– Қалған сауалдардың 21 бақылауға алынды, сегізі – шешілу барысында. Облыс әкімінің айтуынша, 2018 жылы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері тұрғындармен 518 жеке қабылдауда кездесіп, 1066 сұрақ қойылды. Халықпен байланысты күшейтуді қолға алуға ерекше тоқталған Болат Бақауов әлеуметтік желілердің маңыздылығын артып келе жатқанын атап  өтті.

— Жақында Instagram желісінде жеке парақшам ашылды, — дейді Болат Бақауов. – Алғашқы күндері-ақ оған жеті жарым мың пайдаланушы жазылды. Тұрғындар сол арқылы өз өтініштерін жолдап, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жолдауда. Барлық әкімдерге әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді қолға алуды тапсырамын.

Айбек Жұматов Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz