Болат Бақауов: Бюджеттік қаржыландыру экономиканы дамытуға бағытталады
Павлодар облысының әкімі Май ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен өңірге экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды қолдайтынын атап өтті. Болат Бақауовтың айтуынша, келесі жылдан бастап 2019 жылғы бюджетті бөлу кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға көңіл бөлінетінін айтты.
— Көріктендіру бойынша көп жұмыс атқарылды, — деді Май ауданының дамуы туралы жиын кезінде облыс әкімі. – Биылғы жылы үш ауданға кент ішіндегі жолдарды жөндеуге 200 миллион теңгеден бөлінді. Ендігі жерде аудан экономикасын дамытуға көңіл бөлу қажет. Бізге аудан халқының санын арттыру жағын ойластыру керек. Қазіргі таңда Май ауданындағы тұрғындар саны 10 мың адамды құрайды. Мұнда Қазақстанның еңбек күші артық өңірлерінен адамдарды шақыру керек. Оларға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Сондықтан бірінші кезекте жеке кәсіпті ашуға бағытталған жобаларды қолдау керек.
Май ауданында жаңадан қарқын алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған осындай жобалардың бірі – биылдан бастап ет өңдеуден басқа, суландыру шаруашылығымен айналысатын — «Ақжар Өндіріс» ЖШС. Шаруа қожалығы 80 гектар аумақта картоп пен сәбіз өсіреді. Мемлекеттік қолдау есебінен агрофирма өз учаскесіне дейін су магистралін тартып, Ертістің суын қолданады. Бұл мақсатқа шамамен 600 миллион теңге бөлінді.
— Өзенде орнатылған торап 160 гектар жерді суаруға мүмкіндік береді, — дейді кәсіпорынның агрономы Ислам Генаев. – Болашақта 80 гектар жерді игеру керек. Қосымша бес мың тоннаға көкөніс қоймасының құрылысымен айналысып жатырмыз. «Ақжар Өндіріс» ЖШС суландыру учаскесінде болған кезде аймақ басшысы аумағы төрт-бес мың гектар бірыңғай алқапты суландыруға беруді ұсынды. Болат Бақауов бұл мақсатқа қаржыландыру табылатынын және жобаны жүзеге асырғаннан кейін еңбек ететін тұрғындар осы жерде жұмыс істей алатынын атап өтті.
Әлихан Рахметоллаұлы