Болат Бақауов: инвесторларға арзан электр энергиясы қажет

Павлодар облысының әкімі өңірге жұмыс сапарымен келген сенаторларады Екібастұз қаласындағы индустриялық аймақтың құрылысына қолдау көрсетуді сұрады.

ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев бастаған депутаттар тобы Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарына келді. Екібастұзда сенаторлар теміржол кластерінің бірнеше кәсіпорындарын және раушан гүлдерін өсіретін жылыжайды аралап көрді. Сонымен бірге, Астана қаласынан келген қонақтар Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ҚАЭС-да болды. Мұнда депутаттық комитеттің көшпелі отырысы өтті. Отырыста сенаторлар электр энергиясы саласының дамуын талқылады. Павлодар облысының әкімі депутаттармен Екібастұздағы электр энергиясы станцияларының жанынан индустриялық аймақ құру жөніндегі жоспарларымен танысты.

— Қазіргі кезде инвесторларды салықтық жеңілідктер емес, арзан электр энергиясы қызықтырады, — деді Болат Бақауов. – Сондықтан біз электр сатнцияларының жанынан аранйы жер учаскелерін бөлдік. Бұл инвесторларға электр энергиясын KEGOC желілері арқылы емес, тікелей станциялардан аулға мүмкінідк береді. Сонымен бірге, біз облыстық бюджеттен қуаттылығы 500 Мегаватты құрайтын станцияның жобасына қаражат қарастырдық. Бұл жобаның болжамды құны 10-112 миллиард теңгені құрайды. Сіздерден осы жобаны республикалық деңгейде қолдауларыңызды сұраймыз.

Сонымен бірге, аймақ басшысы «Павлодар» АЭА-ың резиденттерінің алдында туындайтын мәселе туралы да айтып өтті. Себебі, арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары өзінің кәсіпорындарына тауарларды қосымша құн салығынсыз өткізе алады. Алайда, экономикалық аймақтың өз ішінде таура алмасу кезінде мұндай жеңілідк қаарстырылмаған. Яғни, «Guissenhaus» ЖШС-і автомобиль дискілерін жасап шығаратын «КиК» ЖШС-іне шикізаттық алюминийді босату кезінде оған қосымша құн салғы салынады. Заңнамадағы олқылық қазіргі кезде қаралып жатқаны анықталды. Сенаторлар бұл мәселені назарда ұстап, жақын арада Парламентте тақлыайтындарын жеткізді.

 

Әлихан Рахметоллаұлы