Болат Бақауов көмір бағасын жылыту маусымында бір деңгейде ұстауды тапсырды
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірлік әкімдікте өткен аппараттық жиында жылыту маусымында көмір бағасын тұрақты ұстауды тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов өңірдегі әлеуметтік сала нысандарының қазандықтарына ағымдағы жылу маусымына қатты отын сатып алу үшін 1,4 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. — Бүгінгі күні бұл саладағы нысандарға 141 мың тонна көмір жеткізу бойынша шарт жасалды, — деді Ержан Иманзаипов. – Яғни, бұл қажет жоспардың 97 пайызын құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылу беру маусымына жылу нысандарын дайындау кезінде облыстағы электр станцияларында 33 негізгі жабдықты күрделі және кеңейтілген ағымы жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 12-сі – энергия блогы, 15-і – қазандық, алтауы – трубина. 14-і жөнделіп қолданысқа енгізілді және 16-сы жөнделіп жатыр, үшеуінде әзірге жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Ержан Иманзайыповтың айтуынша, облыс бойынша 2414 көп пәтерлі тұрғын үйді жылыту маусымына дайындау жоспарланған. Қазіргі кезде оның 56 пайызы дайын. Павлодар қаласында тұрғын үйлердің 40 пайызы, Ақсу қаласында 15 пайызы қысқы кезеңге дайындық шараларынан өткен. Облыс әкімі Болат Бақауов бірінші орынбасары Ұлан Жазылбекке техникалар егістік өнімдерін жинауға кіріспей тұрып көмір тасып алуды тапсырды. — Қазір көмір шығаратын кен орындарында кептеліс жоқ, — деді өңір басшысы. – Техникалар да өнім жинауға кіріспеген. Әзірге бос тұр. Сондықтан дайындыққа кірісу керек. Әлеуметтік сала нысандарына көмір жеткізілгені жөнінде күн сайын есеп беріліп отырылсын. Сондай-ақ көмір бағасына сараптама жасаңыздар. Бағаның маусым бойы тұрақты болуын қадағалаңыз. Оразбек Саяхат Фото: Дархан Өмірзақов
Барлық құқығы қорғалған.
Рavlodarnews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде Рavlodarnews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
Рavlodarnews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
— басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.
— Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.pavlodarnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.