Болат Бақауов шағын аудан тұрғындарына көмектесуге уәде берді


Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жерасты және жаңбыр суларының шаюынан зардап шеккен Екінші Павлодар шағын ауданындағы  тұрғындармен кездесті.

Жер асты суларын жинау үшін аранайы қазаншұңқыр қазумен айналысып жатқан мердігер ұйымның өкілі аймақ басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қазаншұңқырға жиналған судың айналаға жайылуын болғызбау үшін оның жиегін кесек тастармен көмкеру  жоспарланып отыр. Шұңқырға жиналған су сорғылар арқылы тартылып, кәріз жүйесіне ағызылады.

— Құрамында тәжірибелі инженерлер мен құрылысшылар бар жұмыс тобы күн сайын жұмыс істеп жатыр, — деді облыс әкімі шағын аудан тұрғындарымен сұхбаттасу барысында. – Қазір біз су деңгейінің бұдан да жоғары көтерілмеуін қадағалап отырмыз. Үйлерге келетін болсақ, жаздың жылы уақытында қысқы мезгілге дайындалған жөн. Қандай жағдай болмаса да, адамдарды көмексіз қалдырмаймыз.

Сондай-ақ, Болат Бақауов Днепропетровская көшесіндегі аса қатты зардап шеккен №57 үйді барып көрді. Павлодарлықтардың үйлерін қалпына келтіру үшін аймақ басшысы судан зақымдалған 10 үйді депутаттарға және ірі кәсіпкерлерге  бекітуді ұсынды.

Әлихан Рахметоллаұлы