БӨЛІНГЕНДІ БӨРІ ЖЕЙДІ

Қазіргі таңда көпшілігі елге еңбек сіңірген өткен ғасырдың қоғам қайраткерлерін бір-біріне қарсы қоюды әдетке айналдырды. Жік-жікке бөліп-жару, біреуін екіншісінен басымырақ көрсету сияқты ұят жазбалар жазып жатқандар да баршылық. Бұл — қате түсінік!

Біз неліктен барлық өткен қоғам қайраткерлердің ойы бір жерден шығу керек дейміз? Жер бетінде қанша тұлға болса, демек сонша түрлі ой бар. Ол ойды айта білу, мемлекеттің өркендеуі үшін өз позициясын ұстану, ол үшін күресу, өзінің жақтастарымен де, қарсылыстарымен де келісімге келе алу — нағыз ұтқыр саясат. Ұлттық патриотизм шеңберінде айтылған кез-келген пікір мен ой бізге құнды болуы шарт. Ал аймаққа бөліну, туысқандыққа салыну — надандық. Қазақстан — біртұтас ел. Еліміздің келешек қамы үшін еңбек еткен адамды біз xалық болып барынша қолдауымыз керек. Біз — ұлан-ғайыр кең байтақ жерді сақтап қалған xалықпыз.

ХХ ғасырдың басында әр аймақта ұлт үшін күрес жүргізген көптеген қоғам қайраткерлер мен саяси күштер болды. Олардың әрқайсысы елдің болашағы жарқын болуы үшін күресті. Олар бір-бірінен алыс орналасып, арадағы қашықтық ұзақ болғандықтан, өзара байланыстары өте әлсіз болған. Оны біз бүгінде жіті түсінуіміз керек. Бірақ олардың әрқайсысының көздеген тек бір мақсаты болды. Ол — тәуелсіз қазақ мемлекетін құру. Ал кейінгі ғалымдар байыбына бармай, осы әр аймақтағы ел үшін күрескен азаматтар бір-бірінің үстінен арыз жазғанын ғана алға тартады.

Мысалы, Трамп пен Обама бір-бірінің үстінен арыз жазу түгілі ашық тексерістер жасап, бір-біріне «сатқын» деп өзара шайқасып жатыр. Бірақ екеуі де Америка үшін жанталасып жатқанын барлығы да біледі. Екеуі де — Американың нағыз патриоттары. Бір-бірімен пікір таласып, ой алмасып, ең ақыры белгілі бір әділдікке қол жеткізеді.

Сондықтан, біз де ел үшін қызмет еткен қайраткерлерімізді бір-біріне қарсы қоймайық. Біздің жерімізде Алаш идеясын көтергендер де, Ұлы Түркістан идеясын насиxаттағандар да болды. Әрқайсысының тариxта өзіндік үлкен орны бар. Бірақ, екеуі де сол кездегі саяси жағдайда жалпы ұлттық қолдауға ие бола алмады. Сол қозғалысты құрған абыздарымыз ату жазасына кесіліп, қыршынынан қиылды.

Құрметті достар, ел болу үшін, біріншіден, өз ішімізден бөлінгенді доғарайық. «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші, іштегі бірлік кетіп, алауыздық туындаса, сырттан келіп, ірікті салу оңайға түседі. Мен үшін көшпенді бабаларымыз азат оймен, еркіндікте өмір сүрді. Сырттан жау келгенде олар жұдырықтай жұмылып, соққы беріп, тойтарыс көрсетіп, байтақ жерімізді бүгінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Енді кезекте осы елді біртұтас етіп ұстап тұру — біздің парызымыз!!!

Азаматхан Амиртай фб парақшасынан