БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

2025 жылдың 3 наурызында Тараз қаласының «Көне Тараз» этно-мәдени орталығында «Адал еңбек. Лайықты табыс», жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған іс-шара өтті.
🔶Іс-шара аясында «Еңбек мобильдігі орталығының» ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
🔷Жәрмеңкеге 31 жұмыс беруші мекемеден 1 161 жұмыс орындары ұсынылса, оның 1 100-ге жуығы арнайы жұмысшы мамандықтары. Сонымен қатар, өңірдегі мемлекеттік органдардағы 70-тен аса бос лауазымдар ұсынылды.
🔶Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен жастарына мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, тестілеуден өту ережелері мен мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа форматы кеңінен түсіндірілді.
🔷Бұдан бөлек, жоғары үлгерім көрсеткен жоғары оқу орындарының түлектерінің оқуды бітіргеннен кейін аудандық және ауылдық деңгейдегі жекелеген төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындалу мүмкіндіктері туралы айтылды.