Бос орындар жәрмеңкесінде қарағандылықтарға 2800-ден астам жұмыс орны ұсынылды

Қарағанды халықты жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 2800-ден астам жұмыс орнын ұсынды.

35 кәсіпорын мен ұйым жұмыс беруші ретінде қатысты.

 

«Жәрмеңкеде 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 256 азамат кеңес алды, оның 118-і жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді», – деп хабарлады халықты жұмыспен қамту орталығы.

Сондай-ақ, іс-шарада «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру бойынша кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды.

 

Жомарт Шаймұрат