БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мемлекеттік қызметшілердің бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына арналған жәрмеңке аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында өтті.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Гүльназ Смагулова, Фариза Төлентаева, Жамбыл аудандық Мансап орталығы және аудандағы басқада бөлім, мекеме қызметкерлері қатысты.
Жәрмеңкеге келуші тұрғындарға бос жұмыстары туралы ақпараттар, қажетті құжаттар жөнінде мәліметтер ұсынылып, кеңестер берілді