Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Аудан прокуратурасының бастамасы бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Жамбыл ауданы бойынша Мансап орталығында алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыз азаматтарға, пробация есебінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 5 мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 20-дан астам азаматтың ішінен 15 азамат жұмыс берушімен сұхбаттасуға жолданды, 3 тұлға тұрақты жұмысқа орналасуға құжаттарын ұсынды, қалған жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Аудан прокуратурасымен алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасудың және алимент берешегін уақтылы төлеудің маңыздылығы түсіндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Жамбыл ауданы әкімдігі