БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетілуі, оның ішінде бос жұмыс орындарына белгіленген квотаның орындалуы, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстардың мерзімі аяқталғаннан кейін олардың тұрақты жұмыспен қамтылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында оқытуға, әлеуметтік және ақылы қоғамдық жұмыс орындарына, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері туралы аудандық «Мансап» орталығы мен пробация бөлімі бірлескен жұмыстар атқарылуда.
Осыған байланысты жақында «Мансап» орталығының бастамасымен аудандық бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанжәне пробация қызметінде есептетұрған жұмыссыздарға арналған босжұмыс орындарыжәрмеңкесі өтті. Аталған шараға аудандық прокуратура, пробация бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және жұмыс берушілер қатысты.
Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты — бас бостандығынан айыру орынан босаған және қоғамнан оқшаумен байланысты емес жазаларға сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу және әлеуметтік оңалту, көмек беру және азаматтардың қайта қылмыс жасауға жол бермеу болып табылды.
Жиын барысында жұмыс алушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Нәтижесінде 6 азаматтұрақты жұмысқа жолданды. Атқарылған жұмыстар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тиісті бөлімдерге және азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша хаттар жолданып, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, бағыт-бағдар беру жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жалпы пробациялық есепте 49 азамат тіркелген болса, есепте тұрған 1 адамға кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 476 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілген.
Н.ҒАБИТҰЛЫ,
аудандық пробация қызметінің
инспекторы, әділет сержанты.