​Буға күйіп қалғанда ем болатын 9 әдіс

Мамандар шала күйген терінің жазылуы қиын дейді. Мұндай жағдай ас үйде шаруасын істеп жүрген келіншектерде көбірек кездеседі. Сол кезде іле-шала осы емді жасасаңыз, жарақаттың тезірек жазылуына септігін тигізеді. Буға күйген жағдайда асүйдегі мына заттармен тез арада ем жасауға болады.

сурет:oglazax.ru

1 дана шикі жұмыртқаның ақуызын көпіршітіп, күйген жерге жағыңыз; 1 дана шикі картоп немесе сәбізді үккіштен өткізіп, 1 шай қасық балмен араластырып күйген теріге таңсаңыз, жарақаттың ізі де қалмайды; 3 дана алоэ жапырағын сығып, сөлін аласыз. Сосын күйген теріге сіңдіріп жағып қойыңыз. Алоэ шырыны да терінің қалпына келуіне ықпал етеді; 1 жапырақ жолжелкен (подорожник) немесе қырыққабатты салқын суға шайып алып, күйген теріге басасыз. Шамамен 10 минуттан соң компресті ала беруге болады. Осылайша күніне 3-4 рет қайталасаңыз, күйген теріде көрімсіз із қалмайды; 100 гр. сары майға 20 гр. зығыр майы мен 100 гр. табиғи балды араластырыңыз. Оны ыдысымен ыстық суға салып, үздіксіз қозғап отырып 5 минуттай бұлау жасайсыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған мазьді жылы күйінде емге қолданасыз. Ол үшін қоспаның 1 шай қасығын дәкеге салып, таңып қоясыз. Емді тәулігіне 2 рет жүргізу керек;

4-5 рет қабатталған дәкеге айран салып, күйген теріге жағасыз. Емді тәулігіне 2 сағат сайын ауыстырып отыру керек; Буға күйген теріге кәдімгі ұн да керемет көмектеседі. Ол үшін ұнды зақымдалған орынға жағасыз. Ауырғаны басылып, мазаңызды алмайды; Кір сабынды үккіштен өткізіп күйген теріге таңсаңыз, қызарғаны кетіп, ауырғаны басылады. Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА,

сурет:lechimkozhy.ru

ERNUR.KZ .