Бүгін, 27 ақпан — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдардың күні.
Атаулы күнге орай Қордай ауданы әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін, атап айтқанда
✔️ Қордай ауданының ұлттық этномәдени бірлестіктерінің ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі А.Абыкаева,
✔️Қордай ауданының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Э.Гаджаев,
✔️«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі К.Дургалова,
✔️«Отечество» славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Харченко,
✔️«Әзери» әзірбайджан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Х.Абдуллаев,
✔️ Жамбыл облыстық «Вынхуа» этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.Идыбо,
✔️ Сортөбелік дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі, В.Войнце,
✔️ «Йинпан» дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.Туншанло,
✔️«Саладин» күрд этномәдени бірлестігінің жетекшісі И.Асадовты құттықтап, аудандағы ұлтаралық достықты нығайтуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ұйымдардың 2023 жылға жоспарлаған ауқымды шараларын талқылады.
Қордай ауданының әкімдігі