БҮГІН – БҮКІЛӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

       Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) құрылған уақытынан (1948 жылдың 7 сәуірі) бастап аталып келеді. Бүгінде аталмыш ұйымға 200-ге жуық мемлекет мүше. Дегенмен, айтулы датаны дүниежүзі бойынша атап өту 1950 жылдан бері дәстүрге айналған. Сондай-ақ, ДДҰ әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелерге арнап отырады. Мәселен, былтырғы жылды «Азық-түлік қауіпсіздігіне» арнаса, биыл ұйым «Диабетті жеңеміз!» деген ұранмен әлем халқын аса кең таралған қант диабетіне қарсы тұруға шақырады.

Атаулы күнге орай, «ЕлАна» ақпараттық агенттігі баршаңызды «Дүниежүзілік денсаулық күнімен» құттықтайды! Дендеріңіз сау болсын!