Бүгін – Халықаралық Жер күні
Бүгін, яғни, 22 сәуір – Халықаралық Жер күні (Earth Day).
Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді.
Ресми түрде 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді.
Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д’Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.
Қарарда сондай-ақ «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.
Жердің 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болған. Егер адам экватор арқылы Жерді айналып шыққысы келсе, 40010 шақырымдай жолды жүріп өтеді екен.
Жер бетінен оның өзегіне дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.
Жер бетіндегі ең ыстық нүктелер — Калифорниядағы Ажал алқабы мен Ливиядағы Әл-Әзизия деп аталатын жерлер. Ажал алқабындағы температура рекорды — Цельсий бағамы бойынша 55,8 градусты (1913 жылы шілденің 10-ында тіркелген), Әл-Әзизия бойынша 57,8 градусты (1922 жылы қыркүйектің 13-і) құрайды.