Бүгін қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелер: тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, инженерлік (газ, жарық) қамтамасыз ету және «Ұлы дала» шағын ауданындағы қоқыс жәшіктерін орналастыру мен кәріз жүйесі мәселелерін қозғады.
Тұрғындардың тілектерін, сауалдарын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айттым.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырдым.