Бүгін Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков шаһар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Бүгін Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков шаһар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, жер кезегі, аулаларды абаттандыру, жолдарды асфальттау және балалар ойын алаңын салу туралы мәселе қозғады. Сонымен қатар, шағын аудандардағы арық жүйесін тазалау, үй арасындағы жолды жөндеу, көпқабатты үй ауласындағы қураған талдарды кесу мен қоқысты уақытылы шығару жөнінде ұсыныс-талаптарын жеткізді.
Шаһар басшысы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін шешу жауапты мамандарға жүктелді.
Тараз қаласының әкімдігі