БҮГІН — ЖАЗУШЫ, АУДАРМАШЫ ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕРДІҢ ТУҒАН КҮНІ
#жақсыдан_шарапат
ТІЛІН СЫЙЛАП, ҚАЗАҚҚА СЫЙЛЫ БОЛДЫМ!..
— Менің тұғырнамам: Қазақ жерінде, қазақ елінде тұрасың ба, қазақ тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тарихын білгенің жөн. Онсыз сен жат жұрттың өкілі боп қала бересің.
Қазір өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгере бастады. Келешегіміздің бірден-бір үміті де осы.
Қазақтың өзі қазақ тілінде сөйлеуге көп мән берсе, қазақ тілі біраз ғасырға барар.
Талай қазақ классиктерін оқыған адаммын ғой. Мұхтар Әуезовтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Қасым Аманжоловтың, Әбіш Кекілбаевтың тіліне ерекше тәнтімін. Таң қаламын. Шіркін-ай, осыларша сөйлей алсам деп армандаймын.
Балаларға тілегім, осы жазушылардың тілін меңгеріңдер. Сонда ғана өздеріңнің толыққанды қазақ екендеріңмен мақтана аласыңдар.
Герольд БЕЛЬГЕР.