«Бүйіріңді таянба»
Үлкендерден «Бүйіріңді таянба», «Беліңді таянба» деген тыйымды жиі еститінбіз. Бірақ себебін сұрасаң «жаман болады» дей салады, анығын түсіндіре бермейді…
Қазақтың әр ырым — тыйымында өзіндік терең мән — мағына бар.
Бұл тыйымның мән-мағынасы қандай?
Өте жиі айтылатын, бала кезімізден естіп келе жатқан «Белді таянба» деген тыйым сөздер жайлы Зейнеп апайымыз не дейді екен
Бір үйдің адамы қаза болғанда ол адамның жақындары қимастықпен егіліп, солқылдап жылайды. Мұндай кезде адамның ішкі ағзасының барлығы бірдей қозғалысқа түседі. Солқылдап жылағанда бүйрек пен бауыр созылып кетуі мүмкін. Мұның барлығы жүрекке салмақ салады. Осындай қаза үстінде қаралы үйдің адамдары белдерін мықтап буады. «Белін мықтап буған адамның ішкі құрылысы жылаған кезде бос тұрмайды. Содан кейін екі иіні түсіп бүкшиіп қалмайды, өйткені белі буылған адамның иығы көтеріледі. Екі бармақты белді буған жерге, мықыннан сұғып отырғанда адам еңсесі түспей, тіктеле түседі. Бір жағынан, бұл – сүйеу, тіреу. Мұны үйдегі әйелдер істейді. Олар орамалдың ішінен байлауышпен басын да мықтап байлайды. Жайшылықта бүйірді таяну жамандық шақырғанмен бірдей»,
Халқымызда жерге қатысты «жер таянба» деген де тыйым сөз бар. Малынан да, жанынан да айырылып, жападан-жалғыз қалған адам екі қолымен жер таянып, еңсесі көтерілмей қалады екен. «Байғұс-ай, жер таянып қалды-ау…», «қартайғанда жер сипап қалды ғой…» деп жатады мұндай адамдар жайлы сөз қозғағанда. Сондықтан тек жақсылыққа жаны құмар халқымыз жер таянғанды жаман ырымға балаған.
Белді таянба, себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылағанда ғана әйел белін таянады екен!…
✨ Өз ойыңызбен бөлісе отырып, Ұнаса ❤️басып сақтап алыңыз !..☺️✍️️