Бұйрыққа өзгеріс енгізілді: балаларға маска тақпауға болады
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды маска тағуға міндеттейтін бұйрықты өзгертті. Енді балаларға және сыртта жаттығу жасайтындарға маска тағу міндетті емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Министрдің «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.
10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай өзгерістер енгізілді:
7) бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті;
9) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, ашық жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию міндетті болып саналады», — делінген жаңартылған құжатта.