Бумеранг

Сонау бала күнімде біздің ауылда Нағима деген екі баласы бар келіншек болды . Ол кісі бізден үш үй әріде тұратын . Сонда бір күні түс кезі еді , әлгі келіншектің үйінен айқай шықты . Баламыз ғой әдеттегідей топырласып жетіп бардық . Онан үлкен кісілер келді . Әйтеуір білегінде күші бар жігіттер араласып , Нағимаға араша түсті . Сөйтіп шыңғырған келіншек аман қалды . Сонан соң бұл келіншек біздін ауылдан түбегейлі кетті .
Қысқасы өсек аяңнан басталды .
» Көзіне шөп салған екен ғой , қасқа » деді бірінші қатын .
Анандай албастының қай жеріне қызықты екен сорлы » деді екінші қатын .
Осыдан соң ауыл шулап бастайды .
Арадан біраз уақыт өтеді . Бір күні біздің үйге сол келіншек келіпті . Даладан келсем , мамам екеуі шәй ішіп отыр екен .
Мен ол кезде екінші , не үшінші сынып оқитын кезім еді .
— Менің ақ екенімді , Құдай білсе болды . Өсек айтып отбасымды бұзғандарды Аллаға тапсырдым . Мен арыз жазып ажырастым . Мектептен мына баламның табелін алып кетуге келдім , Есетке қайта тиетін ойым жоқ апа , — деп отырды .
Мен ол кезде ондай сөзді түсінетін жаста емеспін . » Көзге шөп салу » деген не сөз , қайдан білейін ?!
Сонымен арадан біраз жыл өтті . Мен есейіп қалдым . Тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезім еді . Біздің ауылдан екі адам құпия жағдайда көз жұмды . Сол өлім құпия болғанымен басқа құпияны ашып берді .
Сонда ғана шәй басында отырған анам өзінен өзі сөйледі . Ол кісі кімге сөйлесін , бұл үйде менен басқа адам жоқ , маған сөйледі .
— Нағима бейшара ақ екен ғой , өсек деген жаман балам — деп қалды .
— Нағимасы кім еді , — деппін таң қалып .
— Нағима деген екі баласын ертіп төркініне кеткен оң жақтағы көршіміз . Білесің ба наһақ кетті сол келіншек , мен сол өсекке сенбеген едім — деді .
Қысқасы ол оқиға былай болады .
Екі қатынның өсегі қырық есекке жүк болады .
» Нағимамен зоотехниктің , бір әңгімесі бар ау дейді бір шайпау қатын .
‘ Иә солай сияқты , мен де соны байқағам » деп қостайды екінші бір қатын .
» Бай күнімен комбайнда , егістіктен келмейді . Сонда мынандай әдемі келіншек басқамен жатпағанда қайтеді » дейді тағы да бірінші қатын .
Сонымен екі қатынның жорамалы бір отбасының тағдырын тас — талқан етеді .
Қысқасы екінші қатын барып байына айтады . Әрине , ешкімге айтпа дейді .
Бірақ бұл барып бір досына айтады , ешкімге айтпа дейді . Ол енді қойнында жатқан қатынына айтады . Әй қатын ешкімге айтпа дейді . Ол қатын құрбысына айтады , құрсын ешкімге айтпа құрбым дейді .Ал құрбысы енесіне , енесі келініне , келіні байына , байы шопанға , шопан диқанға ощщым соңында кеп бұл өсек Нағиманың байының құлағына тиеді . Мұндайда еркекті намыс өлтіреді .
Айдап кеп әй шәй жоқ әйелінн пышақ салады . Әбүйір болғанда Нағиманың жүрегіне сұғылған пышақ камзолының алақандай күміс түймесіне қадалып аман қалады .
Мұндайдан соң қатын тұра ма , екі баласын алып безіп кетеді . Арадан айлар жылдар өтеді . Әлгі гараждағы құпия оқиға болады .
Ажалы жеткен екеуі , көлікті от алдырып қойып мас күйінде ұйықтап қалады . Улы газге уланған екеуі де мерт болады . Соңдарында бірінен бес бала , бірінен жеті бала жетім қалады .
Бұл екеуі кімдер десеңіздер , бірі баяғы өсекті бастаған қатын , екіншісі зоотехник !
Осының бәріне сол зоотехниктің » Анау Нағима деген келіншек , өте әдемі келіншек » деп бірінші қатынға айтқан сөзі себепші болады .
Ғани Бейсен