БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Қала әкімі Е.Жылқыбаевтың төрағалығымыен аппараттық жиын өтті. Онда 2021 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржының игерілуі, 8 айдың болжамды көрсеткіштері қаралды.
Жиында спорт мәселесі де сарапқа салынды. Бүгінде Таразда 630 спорт ғимараты жұмыс істейді. Жыл сайын шағын футбол алаңдары жаңартылып, онда мектеп жасындағы балалар тұрақты спортпен айнадысуда. Қазіргі уақытта қалада 7 мыңнан астам баланы қамтитын 31 осындай алаң бар. Сондай-ақ, «Таразға тарту» жобасы аясында мөлтекаудандар ауласында спорт алаңдары мен кешендер пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, биыл шаһарда 4 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтуде. Жыл соңына дейін тағы 4 шағын футбол алаңының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, қазіргі таңда үстел теннисі орталығының, бокс және мұз сарайларының құрылысы басталды.
Аппараттық кеңес соңында «сақалды құрылыс» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралып, қала мектептерінің білім күніне дайындығы пысықталды.
Өз кезегінде қала әкімі спортқа деген қызығушылықты баланың бойында ерте жастан ояту қажеттігін айтып, жастар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Сондай-ақ, қала жастарының Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлгерлерімен кездесуін ұйымастыру және әлеуметтік желілерде спорт нысандарында спортпен шұғылдану кестесін жариялауды ескертті.