БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛУЫМЫЗ КЕРЕК!

Аудан әкімі Сакен Арубаев аудан орталығында орналасқан Сары Хасенов атындағы стадион жұмысымен танысты. Әрбір өркениетті мемлекеттің мақсаты — өз халқының денсаулығын жақсартуға жағдай жасау.

 

 

Аудан тұрғындарына спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді. Сондай-ақ жас футболшыларменде жүздесті, жас жеткіншектеріміздің жеткен жетістіктерін тыңдап, сәттілік тіледі. Алдағы уақытта осы стадионға көңіл бөліп, бұқаралық спортты дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.