БҮРКІТКЕ ТҮЛКІ ҰСТАТУ ӘДІСІ (БАПТАУ)

Бүркітшілер, қыс жақындауымен бірге бүркіттерін баптауға бастайды. Бұл баптауға <Бүркіт қайыру > дейді. Жазда, бүркітке мол ет беріліп, тамақтандырылады. Жақсы тойдырылған бүркіттің ескі жүндері төгіліп, жаңа жүндері шығады. Егер дұрыс тойдырылмаса, жүндері жаңаланбағаны (жаңармағаны) үшін қыста тез үсиді де нәтижесінде түлкі аулай алмайды. Осылайша дұрыс қоректендірілген бүркіттің кейбір әдістермен ішкі майлары ериді. Әдеттегідей салмақты бүркіттің аш болуы қажет. Жем ретінде қаны бірнеше рет жуылған ет беріледі. Бұған <Ақжем> дейді. Осылайша жануар толық қоректене алмайды. Өйткені қарны тоқ, семіз бүркіт көңілдену үшін түлкі алмайды. Әрі өте жүдеу болса да түлкі ала ала алмайды. Сондықтан баптағанда өте ұқыптылық көрсету керек.
Халифа Алтай «Анажұрттан Анадолыға дейін»
Түркия Мәдениет Министрлігі
Анкара 1981, 1998
Түрік тілінен аударған:
Еркегүл Арыққара қызы