Бұрыңғының жастары мен қазіргінің жастары…
Тоғжан алғашқы минуттарда қатты қысылып, өте ақырын амандасып, өзгеше қызарды. Бір кезде оның жүзі ағара бастап, сұрланып кетеді. Жүрек толқыны мен ұялу аралас. Барлығыда лүпіл қаққан шыншыл қанмен бетіне шығып, сыр айтып қайтады. Ербол жастар қысылмасын дегендей болып:
-Ал мен арғы жағаға қайтып, атты əзірлеп тұрамын!-деді.
Абай үндемей басын изеп, рұқсат етті. Жеңге де шай əзірлемек боп тысқа шықты. Сол кеткеннен қайтқан жоқ. Абай оңаша қалғанда, əуелі қатты қысылды. Бірақ байқап қараса, Тоғжан, тіпті ұялшақ. Тіпті, нəзік, жазықсыз бала тəрізді. Өзі де басында не дерін білмей, сөз таба алмай, аса қиналған. Енді ойласа, бұл қалыпта екеуі рақат кешті зая қып өткізетін тəрізді.
Мұхтар Əуезов Абай жолы (1 том)
Пысы:Міне бұрынғы заманның жастарынан алар үлгі. Бұрынғының жігіттері қыздарға тиіспеген, жəй ғана маңдайынан иіскеген. Қазіргі жастардың іс əрекеті мүлдем ұятсыздық. Қыздардан да, жігіттерден де ұят кеткен. (Көпке топырақ шашпаймын) Қыздар етектерін жауып жүрсе, жігіттер мүлдем тиіспейді. Қазіргі қыздар көшеден жігіт көрсе ұялып, теріс қараудың орнына, керісінше оған жабысады. Бұрынғының жастары бір-бірінің бетіне қарауға ұялған. Қазіргілер бетіне қарау түгілі, тістелесіп жатады. Бұрынғының жастары үлкеннің көзінше тіл қатыса алмаған, ал қазіргілер сөйлеспек түгілі, үлкендердің алдында құшақтасып тұрады. Бұрынғының жастары ата-ананы ұятқа қалдырмаған, ал қазіргілер ата-ананы аямайды, ойламайды. Ең алдымен қыздар өз-өзін түзесе, жігіттерде жөнделеді.
Фб парқшасынан-авторы Алина Муталипова.