Бүгін Бірлік ауылында Мойынқұм ауданының әкімі М.Мұсаевтың төрағалығымен аудандық көшпелі қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін Бірлік ауылында Мойынқұм ауданының әкімі М.Мұсаевтың төрағалығымен аудандық көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты — билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу. Ізгі шара аясында Бірлік ауылының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша әр түрлі саланың бөлім басшыларынан нақты жауаптарын ала алды.