БҮГІН БОТАМОЙНАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫМ.
Жұмыс Үшбұлақ ауылынан басталды, «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында, облыстық және аудандық бюджеттен 34 млн. теңге бөлініп, 2,5 шақырымды құрайтын жолға жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрдім. Жол бойында орналасқан медициналық тірекке және бастауыш мектептке қарай асфальт төселуі тиістігін жеткіздім. Ауыл әкімі мен жолаушылар автокөлігі бөлімінің басшысына нақты тапсырма бердім.
Келесі Байзақ ауылына жол тартып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында су жүйесін жүргізу жұмыстарымен таныстым. 233 млн. теңгені құраған жоба қарқынды жүруде. Ауыз су жүйесі аяқталғаннан кейін, аталған бағдарлама арқылы 3 көшені орта жөндеуден өткізу биылғы жылдан қалып қоймауын тапсырдым.Қарастырылған қаражат 217,6 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ ауылдық округта 3 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі, жоба сомасы 34,7 млн. теңгені құрайды. Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мақсатында, «Төрегелді» каналының 3,5 шақырымын ағымды жөндеу жұмыстары да жүргізіледі.
Келесі №4 мектеп –лицейіне барып, мұғалімдермен кездестім. Қазірден келесі оқу жылына дайындалу керектігін айтып өттім.
Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы негізінде 132 млн. теңгеге С.Абланов атындағы мектебіне де кіріп, күрделі жөндеу жұмыстарына дайындықтарын пысықтауды тапсырдым.
Жұмысымды қорытындылай келе «База — Servis» ЖШС – не ат басын бұрып, көкөніс сақтау қоймаларының жағдайын көріп шықтым. Ауданымыздың шаруақожалықтарымен тығыз жұмыс істеуге шақырып, кездесу ұйымдастыруға келісім сөздер жүргіздік. Екі тарапқада пайдалы мәмілеге жергілікті атқарушы орган ретінде барынша ат салысатынымызды айтып өттім.