БҮГІН КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӨКТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӨТТІ

Көктал ауылында 39 адам қабылданды. Оның 8 қанағаттандырылып, 27 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 4 бақылауға алынды. Қабылдау барысында жол, жарықтандыру, жұмысқа орналасу мәселелері және жаңа мектеп қажеттілігі көтерілді.
Бірінші болып ауылдың зейнеткері мектептің ескіргені туралы және оқушы саны жылдан жылға артуына байланысты, жаңа мектеп қажеттігін алға тартты. Жалпы аудан бойынша жылына мыңға жуық оқушы саны артады екен, бұл дегеніміз жыл сайын бір мектеп құрылысын жүргізу біздің міндетіміз болып табылатынын жеткіздім. Жоспарға сәйкес, биылғы жылы 600 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастауға барлық әрекет жасалуда екенін айтып өттім.
Сондай-ақ «Оша», «Саялы» алқаптарының тұрғындары жол жөндеу, жарықтандыру мәселелерін көтерді. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында 33,6 млн. теңге бөлініп, жарықтандыру, жол мәселелері шешімін табатынын жеткіздім.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қараша айында жеке қабылдауымда болған Бектасова Жанар есімді азаматша, бірінші топтағы мүгедек баласына қаржылай жәрдем сұрап келген болатын. «Сенім» қоры арқылы шешімін тапқан мәселеге, ризашылығын білдіріп арнайы алғысын білдіруге келді.
Қорытындылай келсем, Көктал ауылының әлеуеті артуда, тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шемімін табуда.