БҮГІН «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» КҮНІ

Қазақстанда бүгін «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күні. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді.
Өткенге көз жүгіртсек, бұл күнді атап өту осыдан 20 жыл бұрын басталған деген деректер бар. Алайда, бұл күнді «Ұлттық ғашықтар күні» ретінде атап өту 2011 жылдан басталғаны туралы да мәліметтер кездеседі.
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу — шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген ғашықтар. Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп құдаласады. Бұл екеуінің ұл-қыздары кейін махаббат жолында түрлі қиыншылықтарды бастан кешеді. Жақсылық пен жамандық, дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббат тарихы осы адалдықтарымен құнды.