Балаңыз аузын ашып ұйықтаса, бұл нені білдіреді?
Баланың ұйықтап жатқан сәті – ең керемет кезең. Ал егер бала аузын ашып ұйықтаса ше? Ұйқы кезінде ауызбен тыныс алу
Читать далееБаланың ұйықтап жатқан сәті – ең керемет кезең. Ал егер бала аузын ашып ұйықтаса ше? Ұйқы кезінде ауызбен тыныс алу
Читать далееСалы суға кетіп салбырап келе жатқан бір адамның алдынан кезіккен кішкентай қыз оған қарап күлімсірепті. Қішкентай қыздың риясыз сәби күлкісі
Читать далее1. Балаларыңды бай емес, бақытты болуға үйрет. Олар үлкен болғанда заттардың бағасын емес, құндылығын білетін болады. 2. Тамақты дәрі ретінде
Читать далееДанышпан бабаларымыз «Таспен атқанды – аспен ат» деген мәні аса терең нақыл сөз қалдырыпты. Бұл ғажап өсиеттің тағы бір нұсқасы былай айтылады: «Жамандыққа жамандық – ез адамның ісі, Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі!» Осы ғаламат мақалды алғаш естігенде керемет сүйсінгенім, осындай аталы сөз айтқан ата-бабаларыма іштей бас игенім, таңырқап-тамсанғаным есімде. «Бұны айтқан адам – не деген данышпан, не деген асқақ адам! Адамшылықтың бұдан артық үлгісі болмас!» деп толғанғанмын! Осындай ұстанымы бар Ұлтым үшін мақтаныш сезімі кеудемді кернеген! Кейін Қасиетті Құраннан мына аятты көргенде, ата-бабамның анық данышпан екенін, оның бір себебін түсініп, тағы шаттандым: «Жақсылық пен жамандық – тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық жаса) Сол уақытта араларыңда дұшпандық болған адам – өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет – сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ, бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады!» («Фуссиләт» сүресі, 34-35-аяттар.) Аяттан алар тағлымымыз сол: Жамандыққа жақсылық жасау үшін адам бойында әуелі «сабыр» деген қасиет әбден орнығуы керек. Өйткені, бірден ашу мен әрекетке бой ұрған адам, болған жайды сарабдал ақылға салмаған адам ашуға бой ұрып, Ақыреттің қамын емес, нәпсінің қалауын іске асырады. Ал ақыреттік сауап пен Жаратушы Иесінің разылығын ойлаған жанның екі дүниедегі несібесі зор болатыны – сөзсіз. Расында, иман келтірген адам үшін Раббысының разылығынан артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті сабыр – сауаптың негізі, кешіру – кешірілудің себепшісі, мейірімді болу – мейірімге бөленудің шарты екенін түсінген әрбір мұсылман мінезінің көркем, әрекет-амалының дұрыс болуына мән береді. Қасиетті Құран аяттарына сүйенсек, адамның жалпы үш түрлі рухани даму сатысынан өтетінін байыптаймыз. Алғашқы сатыдағы пенде: «Сен маған, мен саған» немесе «жанға жан, қанға қан» деген қағидамен өмір сүреді. Екінші сатыға көтерілген пенде кектен гөрі кешірімді, жазадан гөрі жанашырлықты алдыңғы орынға шығарады. Ал, рухани дамудың үшінші сатысына көтеріле алған адам жамандыққа жақсылық жасай алатын қабілетке ие болады екен. Бұл жайлы былай делінеді: «Бір жамандықтың жазасы – өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп жарасса, онда оның сыйлығы – Аллаға тән. Күдіксіз, Ол залымдарды жақсы көрмейді… Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса – дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы!» («Шура» сүресі, 40,43-аяттар.) Құдіретті де Мейірімді Иеміз осылайша Құран Кәрімнің бірнеше аяттарында әділетті жазадан кеңпейіл кешірімнің артық екенін; сабыр етіп, кешірімді болудың ең маңызды іс екенін ескертіп отырады. (Рас, кейде кешірімнің әлсіздікпен, кексіздіктің тексіздікпен, кеңдіктің намыссыздықпен ұласып кететіні кездері болады. Бұны ажырату үшін сарабдал ақыл, сезімтал жүрек, таза ниет қажет…) Әрине, мұндай кешірімнің ар жағында адам баласына деген, одан арысы барлық тіршілік иелеріне деген жанашырлық пен мейірімнің жатқандығында еш талас жоқ. Шындығында, бүкіл әлемді Өзінің Құдіреті мен Мейірімін таныту үшін және Өзіне ғана шүкірлік-құлшылық жасаулары үшін жаратқан Ұлы Жаратушының пенделерінен талап етер басты міндеті – мейірім мен жанашырлық. Сол себепті де Әлемдерге рахмет-мейірім ретінде жіберілген сүйікті Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) да бізге мейірім мен кешірімді басты өмірлік ұстаным қылуымызды өсиет еткен: «Дүние мен Ақырет тұрғындарының ең жақсы қасиеті неде екенінен хабар берейін бе? Сенімен қатынасын үзгендерге дұрыс қатынас жасау, саған бермегенге беру және саған әділетсіздік істегендерді кешіру» (Хаким жеткізген). Мысал
Читать далее• Адамдар «Жақсы жұмыс дегеніміз — күн сайын ұнайтын жұмыс» деген сөзге сенеді. Бұл дұрыс емес. Жақсы жұмыс — бұл
Читать далееЕгер сен адамдарды кешіре білсең, дүниенің ізеті мен ақыреттің сыйына кенелесің. Құранда «Шура» сүресінің 40-аятында: «…Сонда кім кешірім етіп жарасса,
Читать далее«Жақсы сөз» дегеніміз – ең әдемі сөз емес, жақсы сөз дегеніміз – ұйқасы мен бунағы, буыны мен ырғағы тең келетін
Читать далееЖер бетіндегі әр нәрсені жақсы көре білу – адамның өзін жақсы көре алуынан басталады. Адамның көбі ойлана бермейтін ақиқат. Тіршілік
Читать далее– Алло, тыңдап тұрсыз ба? Көзіңізді ашайын деп ем… Тамара асүйдегі дастархан басында отыр. Не істесем екен деп басы қатты.
Читать далееҚазақтан өткен жыраулар, найзасының ұшы мұқалмаған әруақты батырлардың, астындағы атын, найзасын ерлігін, жырын жырлау арқылы, батырлық жауынгерлік рухты насихаттап, батырлық
Читать далее